ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында (http://prokuror.kz) Атырау облысы прокурорының блогы ашылды.
Енді прокурорға өзекті мәселелермен интернет арқылы шығуға болады. «Блогтың негізгі мақсаты сіздермен тікелей байланысқа шығу, сізді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, сіздің конституциялық құқығыңызды қорғауда көмек көрсету», - деп блокта жазылыпты.
Ол жерге кіру үшін сайттың негізгі бетінен өзіңізге қажетті тілді таңдап, «прокуратура органдарының сайты» деген сілтеме бойынша «Атырау облысының прокуратурасы» дегенді басып шығарады. Блогқа кіріп әрі қарай көрсетілген сілтемелер бойынша басыңыз. Прокурорға сұрақ қою үшін форманы толтырыңыз. Міндетті түрде аты-жөніңізді, аймағыңызды, электронды поштаңызды, содан кейін ғана сұрағыңызды көрсетіңіз, олай етпеген жағдайда сіздің сұрағыңыз қабыл алынбайды.
Лев ГУЗИКОВ