Атырау, 19 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Доллар төңірегіндегі пайымдар

4 628 просмотра

Шілде айында доллардың теңгеге қатысты бағамы күрт өсіп кетті. Үш апта ішінде доллар екі теңгеден астам мөлшерде: 30 маусымда 151,65 теңгеден 22 шілдедегі ахуал бойынша 153,72 теңгеге тұрақталды. Біз бұл үрдіс пе, әлде кезекті алыпсатарлық айла-шарғылар ма, соны анықтауға тырыстық.

 

МҮЛГІГЕН ТЫНЫШТЫҚ

Бұдан бұрын бағамның күрт өсуі 10 жыл бұрын байқалған еді, 2003 жылы доллар 155 теңгеге дейін өсіп кетті. Теңгенің девальвациясының жаңа белгісі мамыр айынан бері байқалып келеді: сол кезде аяқ астынан ұлттық валютаның (бір кездегідей бір долларға175 теңгеден болған жағдайға жеткенше) күйреуі мүмкін екендігі туралы әңгіме жүрген еді. Сол кезде мамыр айында қомақты депозиті бар кейбір тұлғалар жинақтарын мөлшерлемелері анағұрлым төмен АҚШ долларларына ауыстыруға асықты (егер теңгедегі салымдар орташа есеппен 9-10 пайыз болса, валюталық салымдар – 4-6 пайыз). Алайда валюта нарығында шілдеге дейін аса түбегейлі өзгерістер байқалған жоқ. Бірінші жартыжылдықта ұйғарынды мөлшердегі құбылмалылықтың 0,8 теңгеге бірқалыпты өскені байқалды. Кестені қараңыз:

 

ДОЛЛАРДЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ

Ал шілдеде күрт өзгерді. Әлемдік валюталар бағамының бірқатар факторларға байланысты екені белгілі. Бұл процесте мұнай мен алтын бағалары шешуші рөл ойнайды. Егер мұнайдың долларлық құны түсе бастаса, теңгелік түсім баламасы азаймас үшін Қазақстан өз валютасын девальвациялай бастайды. Сондай-ақ, мұнай өндіруші елдегі мұнай қорларының азаюы немесе әскери қақтығыстар туралы жаңалықтар жарияланымы да әжептәуір ықпал етеді. Мұндай жағдайларда мұнай бағасы автоматты түрде өсе бастайды, доллар тиісінше түседі және керісінше жағдай орын алады. Алайда биржада сатылатын мұнай мен алтын бағалары 30 маусым мен 22 шілде аралығында аса өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Қаржыгерлер бағамның өсуінің бірнеше себептерін атап отыр: біріншіден, 2013 жылғы АҚШ экономикасының негізгі экономикалық және статистикалық көрсеткіштерін жақсарту туралы жарияланған мәліметтер инвесторлардың долларға сұранысын арттырып жіберген. Сонымен қатар, Еуропа экономикасының жалғасып жатқан тұрақсыздығы аясында сенімді валюта ретінде долларға қызығушылық өсті. Үшіншіден, доллар өскен кезде Қазақстандағы АҚШ валютасымен жұмыс жасайтын ірі экспорттаушылар әрі қарай өсім болады деп күтіп, ішкі нарықта долларды сатуды тоқтатты. Бұл банкаралық нарықтағы сұранысты арттырды. Ал валюта нарығындағы ірі қатысушылар ретінде коммерциялық банктер өсім болжамын күтіп, бұл сұранысты қыздырып жіберді.

 

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР АЛДЫН АЛА СЕЗДІ МЕ?

Бағам өскен кезде нарықтағы ахуал қалай өзгерді? Экспорттаушы-ларға жақсы әсер етті, өйткені олардың шығындары теңгемен, ал түсім доллармен есептеледі. Ішкі нарыққа бұл жағымсыз әсер етті: көтеріңкі сұраныстағы тауарлар мен азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаның өсері сөзсіз.

Дегенмен де, ҚР Ұлттық банкі сайтындағы қолжетімді статистикалық мәліметтерге қарағанда, халық теңгеге қатысты келеңсіз жорамалға сенбейді. Шетелдік валютадағы (Атырау облысы бойынша) жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі қаңтардағы 32 пайыз деңгейінде қалды. Бірақ мынадай қызықты мәліметтер бар: шетелдік валютадағы заңды тұлғалар депозитінің үлесі 01.01.2013 күнгі ахуал бойынша жалпы көпшіліктің 4 пайызын құрады, ал 01.07.2013 күні ол 16 есеге –67 пайызға дейін өсті. Бұл - меншік түріне қарамастан салымшылардың сирек жіктелуі боп табылады.

 

МАРЧЕНКО, ПРЕЗИДЕНТКЕ БӘРІН БАЯНДА!

Бағамның тұрақсыздығына қарамастан соңғы кездері қазақстандық сарапшылар теңге позициясын мықты деп атап отыр. Олар мұнай құны, рубльдің бағасы, банктердің баланстық жағдайы, ҚР Ұлттық банкінің қазыналық, сондай-ақ ақшалай-несиелік саясаты секілді теңге үшін маңызды факторлар өзгерген жағдайда ғана жағдай келеңсіз тұрғыдан күрт өрбуі мүмкін дейді. Тек олар бірге нашарлаған жағдайда девальвация сөзсіз орын алады. Осы факторларға қатысты жағдай тұрақты болғандықтан (ресейлік рубльдің әлсіреуін есептемегенде), олар мазаланатын себеп көрмей отыр. Осы тақырыпқа арналған соңғы шыққан бюллетеньде Halyk Finance инвестициялық компаниясының сарапшылары теңгеге қатысты қазіргі доллардың нығаюын жасанды туындаған құбылыс деп есептейді: «Біз теңгенің құлдырауы маңызды себептерге байланысты емес, жеке салымшылардың алыпсатарлық әрекеттерінде жатыр деп есептейміз. Ал бұл көрініс өздігімен орындалатын болжамдық сипатта болған.

Біз теңгеге сұраныстың өзгерісін түсіндіре алатын қандай да болмасын маңызды күшті көріп отырғанымыз жоқ.

Бұл көрініс рубльдің әлсіреуінен туындаған болуы керек. Жыл басынан бері USDRUB 8 пайызға өсті».

Дегенмен бұл ахуал ел президен-тін де мазалады. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий МАРЧЕНКОНЫ (суретте) қабылдап, оның көңілді жайландыратын сөздерін тыңдап, қаржы нарығын тұрақтандыруға тапсырма берді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

1 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.