Атырау, 7 қаңтар 12:37
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Каспий теңізінің жағасынан апатқа ұшыраған сауда кемесі табылды

541 просмотра
Фото: Journal of Maritime Archaeology

Италия мен Ирандық ғалымдар тобы Каспий теңізінің жағалауынан 1762-1808 жылдар аралығында салынған 28 метрлік үш мачталы кемені тапты. Теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты апатты зерттеуге мүмкіндік туды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрік басылымы Yeni Şafak дерегінше, ғалымдар кемені жасырған құм шөгінділерінің 43 қабатын алып тастады. Бірегей технологиялар жоғары ылғалдылық жағдайында сақталған ағашты зерттеуге және оның шығу тегін анықтауға көмектесті

"Радиокөміртекті талдау кеменің 1762-1808 жылдар аралығында жасалғанын көрсетті. Қарағай мен балқарағайдан тұратын корпус ағашы Еділ-Каспий аймағынан шыққан болуы мүмкін", — делінген дереккөзде.

Археологтар кеме, Ресей империясының сауда флотының бөлігі болған деп болжайды. Жүктің ішінде қарақұмық себеттері табылды, бұл оның аймақтағы сауда тауарлары ретінде танымалдылығын көрсетеді.

Бұған дейін Кенияға құлаған зымыранның бір бөлігі жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырғаны хабарланған болатын.

5 қаңтар, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.