ALASHAINASY.KZ. «Білімнен гөрі, грант қуған түлектен қандай инженер шығады?» - Ел Үкіметінің индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын қолға алғанына біраз уақыт болды. Осыған орай, мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттардың саны да артты. Алайда осы гранттарға түсетін жастардың білім сапасы көп жағдайда сын көтермейді. Себебі мектеп түлектері және олардың ата-аналары әлі күнге дейін техникалық факультеттерді «қосымша аэродром», яғни «жеңіл» грант алып, жоғары білім алып шығудың бір жолы ретінде қарастырады.
«Иен далаға да инвестиция керек екенін неге ұмыттық?» - Қазіргі таңда әлем жұртшылығын шөлейттену процесі алаңдатып отыр. Және бұл мәселе жылдан-жылға өзектілігін арттырып келеді. Айтақырға айналған жерді көргенде кезінде аталмыш алқаптардың келбеті жайнаған көркем өлке болғанына сенгіңіз келмейді.
AZATTYQ.ORG. «Сот: Мэннинг АҚШ жауларына болысқан жоқ» - АҚШ әскери сотының судьясы қатардағы сарбаз, 25 жастағы Брэдли Мэннингті "АҚШ-тың жауларына болысты" деген айып бойынша кінәсіз деп таныды. Егер ол бұл айып бойынша кінәлі деп танылғанда өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесіліп, одан мерзімінен бұрын босап шығу құқығынан айырылатын еді.
«Қырғызстан Қазақстаннан жалға жер сұрады» - Қазақстан мен Қырғызстан арасында жер және су дауына қатысты бес күнге созылған келіссөздің алғашқы мәліметтері белгілі бола бастады.
«Діни араздық тудырған» бұрынғы прокурор» - Шымкенттік Болат Әміров бұрын прокуратурада жұмыс істеген. Анасы қайтыс болған соң Исламға бет бұрған оның таныс жігітке берген екі дискісі заңмен тыйым салынған діни материал деп табылды.
SERKE.ORG. «Әблязовқа тықыр таянды» - Шетелде қашып жүрген БТА банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов қаржыландырып отырған кейбір ақпарат құралдары жөнсіз әрекет жасап жатыр. Енді олар Александр Павловты жапатармағай қорғауға көшті. Оның қылмыстың ісін былай ысырып қойып, бәрінен әлдебір саяси астар іздеуде. Шындығында оқиға қалай болды? Испанияның соты Александр Павловты неге қамауға алып, оны не үшін Қазақстанға экстрадиция жасағалы жатыр?
NAMYS.KZ. «Қазақтың жоңғардан басқа жауы болмаған ба?» - Ресей империясының қазақ халқын қырғынға ұшыратқаны жайлы орыс жазушысы Герцен «Колокол» дейтін атақты шағармасында: «Көне өсиет соғыстары мен моңғол шапқыншылғы дәуірінен бергі тарихта дәл осындай жиренішті, құтырған шапқын болған емес… Бұл қанды оқиға болашақта шежіреге енуі тиіс», – деп жазады. Ертеректе ауыл ақсақалдары айтатын: орыс басқыншылығына қарсы шыққан ауылдарды Ресей әскерлері халқын қырып, мал-мүлкін тонап, киіз үйлерді өртеп тірі жан қалдырмаған.
MASA.KZ. «Казактар Ресейден репрессияның өтемақысын талап етуде...» - Әзірге Ресейден нақты қандай сомада өтемақы сұрайтынын казактардың өздері де білмейді. Бірақ, Ресей үкіметі олардың талабын қанағаттандырса казактардың арнайы қоры мен банк құрылмақ екен. Барлық қаржы осы жерге түсіп, одан кейін дүние жүзіндегі казактарға тараталмақ көрінеді.
MUSLIM.KZ. «Саудиялық ханзада мұнайдың таусылатынын ескертті» - Саудиялық ханзада әрі тасы өрге домалаған кәсіпкер әл-Уәлид бин Талал Твиттер әлеуметтік желісі арқылы осы елдің мұнай министрі Әлі әл-Наимге ашық хат жолдады. Бұл хат билік басындағы барлық азаматтарға арналған десе де болады. Онда ел экономикасын әртараптандыру мәселесі төтесінен қойылған екен.
AIKYN.KZ. «ЖОО: Оқу құнын қалтаңыз көтере ме?» - Үстіміздегі жылы 35 мың 53 түлектің мемлекеттік білім тапсырысымен тегін білім алу мүмкіндігіне ие болатындығы туралы хабарлаған едік. Бұл өту балын жинаған талапкерлердің бар болғаны жартысы ғана, қалған жартысы оқуын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Сонымен, қазақстандық ЖОО-ларда бакалавриаттың бағасы қанша?
«Абайдың тілін неге алмаймыз?» - Дүние – дүбір. Дүние – дүрмек. Дүние – бәсеке. Қазақ қай жолмен жүрмек? Қай жерде жарып шығатын мүмкіндік бар? Қайткен күнде біз ұлт ретінде өз есебімізді өзгеге жібермейтін халге жетеміз?
Қазіргі қазақ жастары бірінші кезекте қай мәселеге «басын қатыруы» тиіс?
MASSAGET.KZ. «Хироо Онода. Соғыстан кейінгі соғыс» - Көптеген шетелдік БАҚ беттерінде "соңғы самурай" атанып жүрген кейіпкеріміз туралы оңды-теріс пікір көп айтылады. Біз баяндайық, ал ол әлемді дүр сілкіндірген нағыз қаһарман ба, жоқ әлде жәй ғана ақымақ па, өзіңіз шешерсіз...
AKTOBEGAZETI.KZ. «Ресей қазақтары арасындағы батырлар туралы көп ештеңе айтылмай келеді» - Екінші дүниежүзілік соғыс, оның ішінде Ұлы Отан соғысы аяқталғалы, міне, табаны күректей 68 жыл өтті. Ал, енді осы сұрапыл соғыс шежіресі беттерін парақтағанда, әлі де болса айтылмаған сөз, ашылмаған құпиялар көп екеніне көз жеткізесің.