Қыста айналаңызда жүрген адамдардың тұмауратып қалғанын жиі көруіңіз немесе естуіңіз мүмкін. Көпшілік оны ауа райының салқындауымен байланыстырады. Алайда далаға көп шықпайтын адамның өзі қыста ауырып қалып жатады. Ендеше, қыста адамдардың жиі ауыруына не әсер етеді?
Профессор Либби Ричардс қыста адамдардың жиі ауыруының негізгі себептерін атады.
Адамдар көбіне үйде отырады
Вирус белсенді дамуы үшін оған жылу және барынша аз оттегі қажет. Пәтерлердің, кеңселердің, сауда үйлерінің ішінде қыста жазға қарағанда адам көп болады. Көпшілік суықта көп жүргісі келмейді. Терезені де ашқысы келмейді. Нәтижесінде ғимарат ішінде адамдар көбейеді, оның іші жылы бола түседі және ауа болмай кетеді. Яғни вирустардың көбеюіне қолайлы орта пайда болады.
Вирустың сыртқы қабықшасы өзгереді
Суық ауа райы тұмау вирусының сыртқы мембранасын өзгертеді: ол оны қатты әрі резеңкелі етеді. Ғалымдардың айтуынша, мұндай "резеңке қаптама" вирустың адамнан адамға берілуін жеңілдетеді. Сондай-ақ профессор қыста ауа құрғақ болып кететінін айтты: себебі жылытқыш құрылғылар қосылады. Мұндай ауа тыныс алу тамшыларындағы судың тез булануына әкеледі. Бұл ауру адам жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін ұзақ өмір сүруге және әрі қарай жүруге қабілетті ұсақ бөлшектердің пайда болуына әкеледі.
Күнсіз иммунитет қиналады
Біздің иммундық жүйемізге жазда күн сәулесінен синтезделетін D дәрумені қажет. Бірақ қыста күннің көзі азаяды. Адам әлсіз болып кетеді, өнімділігі төмендейді, спортпен аз айналысады және жалпы көп қозғалмайды - мұның бәрі иммундық жүйеге әсер етеді. Нәтижесінде, тұмауды оңай жұқтырып алады.
Ағзаға қалай көмектесеміз?
- Қолыңызды жиі жуыңыз және бетіңізді ұстай бермеңіз.
- Сұйықтықты көбірек ішіңіз және рационға көбірек көкөністер, жемістер, сүт өнімдерін, балық және жармаларды қосыңыз.
- Физикалық белсенді болыңыз. Күніне кем дегенде 30 минут серуендеуге тырысыңыз.
- Пәтерді үнемі желдетіп, мүмкіндігінше ылғалдандырғыш сатып алыңыз.
- Үйде ылғал тазалауды жиі жасаңыз.
- Жеткілікті ұйықтаңыз. Толыққанды ұйқысыз ағза қалпына келмейді.