Атырау, 18 желтоқсан 23:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Жығылғанға жұдырық жұмсау денсаулық сақтау министрлiгiнiң әдетiне айналған ба?». «Әдiлетсiз салық төлемi көлiгi барлардың көңiлiн күптi еттi». «Ресейден саяси баспана сұраушылар көп пе?». «Америкалық макроэкономистің пайымдары нені аңғартады?».

3 043 просмотра

INFORM.KZ. «Саудиялық ханзада мұнайдың таусылатынын ескертіп, балама қуат көздеріне мән беруді ұсынады» - Айтылған мәселеге орай ханзада ерте бастан қамданып, ел экономикасын реформалау туралы мәселе көтерген. Соның ішінде, күн және ядролық қуат көздерін дамыта отырып, ішкі нарықта мұнайдың үлесін азайтуды ұсынып отыр. Сондай-ақ, ханзада мұнайды сатудан түскен валюталық қорды басқару үшін тәуелсіз қор құрудың қажеттілігіне тоқталған. Аталмыш қордың мөлшері 2013 жылы 676 млрд. долларға жеткен болатын. Әлемдегі қалтасы қалың миллиардерлердің аты-жөнін жыл сайын жариялап отыратын Forbes журналының тізімінде әл-Уәлид бин Талал 26-шы орынға табан тіреген екен. Оның дәулеті 20 млрд долларға бағаланып отыр.

AIKYN.KZ. «Қай салада маман тапшы?» - Еліміздің асты да, үсті де тұнған байлық, соны игеретін маман тапшы. Жердің астындағы кен байлықтарын індете іздеп, барлау жүргізетін геолог мамандарға деген тапшылық та анық байқалуда. Қысқасы, маман барлық салада тапшы. Демек, Білім және ғылым министрлігі жанынан қандай мамандықтар тапшы екенін зерттеп, мемлекеттік тапсырысты да соған сай үйлестіріп отыратын кез келіп жетті. 

«АҚШ Сирияға шүйлігіп отыр» - Батыс  неге Дамаскіге шүйліге  қалды? Жауап  оңай. Ең  бастысы – Сирия Батыстан  гөрі Ресейдің Таяу  Шығыстағы  одақтасы,  жақтасы. Сондықтан  мемлекет  тізгінін  ұстап  отырған  адамды құртып, батысшыл  бір  тұлғаны  үкілеп, билікке  әкелу. Бар  гәп  осыда.  Егер де кезіндегі  қаһарлы  КСРО  тарқамай бәз баяғы  қалпында тұрса, Батыстың Сирия  тұрмақ, Ливия, Йемен, Мысырға тізесін  батыра  алмас  еді. Өйткені  бұлардың  жарылқаушысы, арқа  тұтары  – Мәскеу.  Егер де  КСРО  күйремегенде Хосни Мүбарак тақта  шіреніп,  Муаммар Каддафи  алшаң басып  жүрер еді. Қызыл  империя  құлап  еді, Араб  елдеріндегі  оның  жақтастарының да шаңырақтары шайқалып  қоя  берді. 

«Мәскеудің Таяу Шығыстағы ықпалы арта ма?» - АҚШ пен Ресей Таяу Шығыстағы ықпалдарын нығайтуға жарыса кіріскен сияқты. Вашингтон Палестина мен Израиль арасында бейбіт келісімдер орнатуға тырысса, Мәскеу Иранның ядролық бағдарламасына айтарлықтай әсер етуге ұмтылуда.
Алдағы  айдың  12-13-інде Ресей  президенті Владимир Путин Иранға арнайы сапармен  бармақ. Бұл  сапарға  Ираннан  гөрі  Мәскеу  көбірек  мүдделі  сияқты.  Оның өзіндік себептері бар...

ALASHAINASY.KZ. «Қиналысын қағазға түсірген адам аурудан оңай айығады» - Жан қиналысын қағазға түсірген адамның иммунитеті нығайып, ауруынан ерте айығады. Жаңа Зеландияның Окленд университетінің ғалымдары мұны жарақат алған адамдарға жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықтады.

ZHASALASH.KZ. «Жығылғанға жұдырық жұмсау денсаулық сақтау министрлiгiнiң әдетiне айналған ба?» - Бақыт Түменованың айтуынша, бұл дерттiң шығу тегiн анықтау тобына қоғамдық бақылаушыларды кiргiзуге министр­лiктегiлер құлық танытпаған. «Екiншiден, қазақстандық сот та сорлап тұр. Жәбiрленген, әлеуметтiк жағдайы жоқ адамдарды қорғамайды. Өздерiн қорғайды, бүгiнгi жүйенi қорғайды. Тiптi министрлiкте балалардың құқығын қорғайтын комитет бар. Бұл комитеттiң әр аймақта филиалы да жеткiлiктi. Өкiнiшке қарай, олардың бiрде-бiреуi бас көтерiп, дәл осы мәселенi айтып, бейкүнә сәбилердiң құ­қығын қорғауға жарамады. Амалымыздың таусыл­ғанынан ендi БҰҰ-ға шағымдануға мәжбүрмiз.

«Ұлттық банк бастап, президент қоштап девальвация болмайтынын мәлiмдедi» - Ресейдiң рублi бұлталақтап, теңгенi тербетiп жiберген уақытта мүлгiген тыныштықта жатқан Ұлттық банк ақыры үн қатты. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 153 теңгеден асып түскенде үрей билеген халық айырбастау пунктерiне ағылды. Оның үстiне әлеуметтiк желiлерде “шұғыл девальвация болып, доллардың құны 200 теңгеге жетедi” деген әңгiме гуледi.

«Әдiлетсiз салық төлемi көлiгi барлардың көңiлiн күптi еттi» - Қозғалтқыш көлемi үш литрден артық көлiктерге салынатын салықтың да көлемiн арттыру керек. Осындай жаңа заң жобасын ұсынған шенеунiктерге қазақстандық жүргiзушiлердiң көпшiлiгi наразылығын бiлдiруде. Таяуда ғана интернет желiлерiнде двигатель көлемi 3 литрден жоғары көлiктерге төленетiн салықтың да көбейетiнi туралы ақпарат тарады. Бұл заң жобасы әзiрге қаралып жатыр. Егер заң жобасы iске қосылар болса, бұған дейiн 15 АЕК көлемiнде салық төлеп келген жүргiзушiлер 35-46АЕК-ке дейiн салық төлеуi мүмкiн.

AZATTYQ.ORG. «Қамаудағы кәсіпкерді қолдаушылар көбейді» - Кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевтің қамауға алынуы Ақсай қаласының бірқатар тұрғындарының наразылығын туғызды. 250 жұмысшысы бар «КSS building» кәсіпорыны Ақсай қаласының әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарады. Кәсіпорын жұмысшыларының хабарлауынша, олардың шілденің 23-іне жоспарлаған наразылық шеруіне Ақсай аудандық әкімшілігі рұқсат етпеген.

«Ресейден саяси баспана сұраушылар көп пе?» - Ресейде баспана сұраудың ең сирек кездесетін түрі – саяси баспана мәртебесі президенттің бұйрығымен беріледі, оны берер алдында әртүрлі факторлар, соның ішінде Ресейдің саяси мүддесіне қатысты жағы ескеріледі. Бұл процесті үкіметтің арнайы қаулысы реттейді, «Босқындар туралы заң» оны реттей алмайды. Мұндай баспана «өз елінде қудалаудан қашқан немесе қудалау құрбандығы болу қаупі төнген, әлеуметтік-саяси көзқарасы, не сенімі үшін айыпталған, халықаралық қауымдастық пен халықаралық заң нормаларының демократиялық ұстанымдарына қайшы келмейтін әрекет жасаған азаматқа» беріледі.

TAIQAZAN.ORG. «Түркі жұрты неге біріге алмайды?» - Шаңырағын Бумын қаған, Күлтегін,  Естемістер көтерген түркі жұртының адамзат дамуына қосқан  үлесі  ұшан-теңіз. Тарихты  парақтайтын болсақ түркі әлемі қалдырған белгі-бедерлер жеткілікті. Кезінде «тізеліні  бүктірген, бастыны идірген, күлде жатқан халқын, көкке көтерген, күн еткен» түріктің  алмас  қылыш, арыстан жүрек ұлдары Түркі жұртын өзге елдермен терезесін тең етті, айбарлы қағанат құра білді. Тарих  сахнасына бір шығып, бір түскенмен жойылып кеткен жоқ. Уақыт өте келе тарам-тарам  ұлыстарға бөлініп, Еуразия төріннің әр тұсында мемлекет  құрды. Түркілердің бүгінгі саны 200 миллионға жетіп отыр. Бұл аз емес.

«Ұлтшылдық – саяси ойынның көзірі» - Соңғы жылдары Ресей еліміздің ең жақын одақтасына айналды. ҰҚШҰ, ТМД, Кеден одағы, ЕурАзЭҚ, БЭК секілді бірқатар әскери, экономикалық және саяси интеграциялық жоба арқылы тығыз қарым-қатынас жасайды. Еуразиялық одақ құру  ісі қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан одақтасымыз Ресейдегі бүгінгі саяси-әлеуметтік ахуал бізді ерекше қызықтыруға тиіс. Рас, бұл елдің ішкі шетін мәселелері аз емес. Соның бірі – орыс ұлтшылдығының кең етек жаюы. Бұл жайт түптің-түбінде Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграцияға тосқауыл болуы ықтимал.

SERKE.ORG. «Әблязов кімді қорғаштап жүр?» - Жақында бір қатар ақпарат құралдары Испанияның Ұлттық соты Мұхтар Әблязовтың жеке басын қорғайтын күзеттің бастығы Александр Павловтың ұсталғаны туралы хабар таратып, оның Қазақстанға экстрадицияланатыны туралы сот шешімінің шыққанын жарыса жазды. Осыған орай Әблязов және оның бақылауындағы қоғамдық баспасөз испандық құқық қорғау ұйымының әрекеттерін айыптап, Александр Павловты арашалайтын мақалаларды жариялады. Сонымен бірге Мұхтар Әблязов Facebook әлеуметтік желідегі жеке парағында Александр Павловқа арналған бірнеше мақалалар және видео орналастырып, оны ақтауда.

EGEMEN.KZ. «Америкалық макроэкономистің пайымдары нені аңғартады?» - Бес жылдан бері әлемді жайлаған қаржы-экономикалық дағдарыс пен жаһандық рецессия толастаудың орнына одан әрі жалғасуда. Алайда 2008 жылы басталған депрессия бүкіл әлемді шарпығанымен, олардың АҚШ пен Еуропа Одағы экономикаларына келтірген залалы ұқсас, бірақ салдары бөлек. Бүгінгі таңда бұл айқындалып келеді. Мәселен, дәл қазір АҚШ экономикасы қайта жандана бастады. Алайда Еуропа аумағындағы экономикалық ахуал мүлде мүшкіл. Бұлай түйіндеуге әлгі дағдарыс пен рецессияның салдарын терең де мұқият зерттеген Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық макроэкономист Пол Кругманның дәйекті сараптамалары негіз болып отыр.

BNEWS.KZ. «Алматыда жеке меншік үй салу үшін 40 мың доллар қажет» - Алматыда жекеменшік үй салу үшін 40 мыңнан - 1 млн доллар жуық қаражат керек, бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қазақстанның жылжымайтын қауымдастығының президенті Ермек Мүсірепов мәлімдеді.

BAQ.KZ. «Қыдырәлі Болманов: "Домбыра біздің дыбыстық кодымыз" (ВИДЕО)» - Ол өнерге келуі, отбасы және ұлдары жайында, Қазақстандағы алғашқы boyband "АБК"-ның құрылуы, Ингушетия Республикасының еңбек сіңірген әртісі қалай атанғандығы және ең үлкен екі жобасы "Ұлытау" мен "Бал-баланың" дүниеге келуі жайында әңгіме етеді.

30 шілде 2013, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.