Әлеуметтік желіге шолу жүргізгенде Атыраудағы тергеу изоляторынан түсірілген видео анықталды. Видеода белгісіз адам, өз сөзімен айтқанда «бас жаруға болатын» қатты нанды көрсетіп, жарма ботқасы бола ма деп сұрайды.
Сондай-ақ, ол күнде бір тамақ берілетініне шағымданып, «тергеу изоляторындағы тамақ желім сияқты» дейді. Сонымен қатар, видео авторы айналасын түсіріп жіберді. Оның мекендеп отырған жерінің жай-күйіне шұғыл түрде жөндеу қажет екен деген әсер қалдырды. Қамауда отырғанның айтуынша, видео 15 қарашада түсірілген. Ер адам әкімшілік тергеу изоляторы камераларының жағдайы мәз емес екенінен хабардар, бірақ қайта-қайта берген арыз-шағым мен хаттарға көңіл бөлмей бермей отыр дейді. Бұл видео – мекеме басшылығына хабар жеткізіп, орын алып отырған мәселелерге назар аударудың бір мүмкіндігі. Тергеу изоляторы аумағында ұялы байланысқа тыйым салынғанын ескерсек, бұл видеоның қалай түсірілгені белгісіз.
«АЖ» Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметінен жағдайды түсіндіретін жауап алды. Олардың мәліметінше, тергеу изоляторының камерасында белгісіз күдіктінің тамақ туралы арыз айтқаны, сондай-ақ мекеменің ішкі тұрмыс жағдайын көрсететін видео түсірілген оқиға орын алды. 30 қарашада бұл факті бойынша қызметтік тексеру басталды.
«Жауапты тұлғалар анықталғаннан кейін заң аясында тәртіптік шаралар қолданылады», - деп хабарлады ҚАЖД баспасөз қызметі.
Айнұр САПАРОВА