Атырау, 26 қараша 11:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Тою керек ғой, қанағат керек»: Бәпи Құлыбаевтың құлқына кеткен мұнайды айтты

65 просмотра
Фото: Kaztag.kz

Депутаты Ермұрат Бәпи Қазақстан мұнайы шетелде тіркелген компаниялар арқылы сатылып, пайдасын Тимур Құлыбаев пен оның серіктестері қалтасына басып отырғандығын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Бәпи халықаралық журналистік зерттеулер консорциумының (ICIJ) мәліметіне сүйене отырып, Қазақстан мұнайы мен мұнай өнімдері шетелде тіркелген түрлі компаниялар арқылы сатылып жатқандығын айтты. 

«Конституция бойынша бұл байлықтар халықтың меншігі болғанымен, олардың экспорты қандай да бір белгісіз субъектілердің бақылауында. Мысалы, қазақстандық мұнайды әлемдік нарықта сататын ең ірі компания – Vitol, ол Швейцарияда тіркелген. ҚазМұнайГаз Трейдинг компаниясы да Швейцария резиденті болып табылады. Сол сияқты, ТеңізШевройл компаниясы өндірген Теңіз мұнайы Нидерландыда тіркелген ҚазМұнайГаз-Финанс трейдері арқылы экспортталады», – деді Бәпи.  

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, бағаның айырмасынан пайда көретін шетелдік компаниялардың саны өте көп. Олардың барлығы сыртта тіркелген, ал Vitol трейдингтік компаниясының иесі белгілі олигарх Тимур Құлыбаев екендігін басып айтты. 

«Тимурдың және оның командасының 22 елде тіркелген 200-ден астам компанияда үлесі бар. Қанша байлық керек? Халыққа да бір нәрсе қалдыру керек қой! Жақында Тимур Құлыбаев 500 миллиард теңгеден астам активтерді қайтарды деген ақпарат тарады. Бұл шамамен 1 миллиард доллар, яғни 20 жыл ішінде топ жинаған байлықтың тек оныншы бөлігі ғана. Қазақстандық мұнай SWAP схемасы арқылы сатылады, ел ішінде төмен бағамен, ал шетелде әлемдік бағамен. Түптеп келгенде, баға айырмашылығы шетелдік трейдерлердің немесе офшорлық банктердің қалтасына кетеді. Ал ел табиғи апаттардан туындаған үлкен бюджет тапшылығына тап болып отыр» , – деп қортындылады депутат. 
Бүгін, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.