Атырау, 24 желтоқсан 04:41
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Су айдындары конкурссыз кімге беріледі

1 037 просмотра

«Акваөсіру туралы» заң жобасында су айдындарын конкурстық негізде және конкурссыз беру тәртібі қарастырылады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.  

Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады. 

Бұл ретте инвестициялық жобалар үшін ең төменгі инвестиция көлемі кемінде 150 мың АЕК (бүгінде бұл шамамен 550 млн теңге) болған жағдайда халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей бекіту қарастырылған.

Инвесторлар үшін негізгі шарттар бизнес-жоспардың және қаржының болуын растау, ал міндеттемелерге өндіріс орындарын салу, өсіру көлемін ұлғайту және импортты алмастыру кіреді.

20 қараша, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.