Атырау, 24 желтоқсан 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Атырауда әкелер мен ұлдар слеті өтті​

913 просмотра

«Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде» атты облыстық әкелер мен ұлдар слеті өтті. 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жиынға биыл 300-ге жуық ер адам қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға бала тәрбиесінің маманы, жұбайларға және балаларға арналған 6 кітаптың авторы Елжас Ертайұлы және отбасылық психолог, «Онлайн отбасы» академиясының негізін қалаушы Ержан Мырзабаев пен «Қазақша Quiz 100» жобасының авторы Нұрлан Азаматов арнайы шақыртылған. Олар «бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «бақытты отбасындағы еркектің бейнесі», «балалардың білімге деген қызығушылығын қалай арттырамыз» тақырыбында сөз сөйлеп, орамды ойларын айтты.

- Спикерлер қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде дәріс өткізіп, пікір алмасты. Біз әкелердің отбасыдағы рөлі бір төбе екенін осы күнге дейін дәлелдеп келеміз және бұл бағытта жұмысымызды жалғастырамыз,-деді облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина.

Айта кетейік, іс-шара облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтті. Мұндағы мақсат - отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттай отырып, әкенің жауапкершілігін арттыру және ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлін айқындау.

Жиын соңында өңірдегі әкелер кеңесінің белсенді мүшелеріне облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың Алғыс хаты табысталды.

14 қараша, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.