12 шілдеде өткен брифингте Атырау облыстық ТЖ жөніндегі департамент басшысының орынбасарыМарат ҚҰРМАНОВ (суретте)бірінші жартыжылдықта судағы қайғылы оқиғалар мен өрт оқиғаларының саны азайғандығы туралы хабарлады.
Үстіміздегі жылы 7-8 шілдеде орын алған Индер орман шаруашылығындағы Жарсуат селолық округінің Есенгелді және Ақпан учаскелерінде орын алған тоғайдағы екі өрт оқиғасы құтқарушылардың көңіл-күйлерін бұзды. Тиісінше 3 және 4 гектар тоғай жері өртенген. Қала «өкпесінің» көлемі кішірейді...
Өтіп кеткен жарты жылда облыста 192 өрт оқиғасы орын алған. Келтірілген жалпы зиян мөлшері 42 млн теңге құрады. Бұл цифрлар өткен жылғыға қарағанда 13,9 пайызға аз. Адамдардың өрттен ажал құшу саны 77 пайызға азайған.
Ал аудандардағы өрт саны: Мақат ауданында – екі есеге, Махамбетте – 62,5 пайызға, Қызылқоғада – 50 пайызға өсуде. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұрлан НҰҒЫМАНОВТЫҢ айтуынша, өрт көбінесе ауыл үйлеріндегі электр сымдарының сапасыздығынан тұтанатын көрінеді.
Бұдан басқа, өткен жарты жыл ішінде өртеу оқиғалары көбейіп кеткен. Бірақ бұрын малшылар арасындағы түсініспеушілік салдарынан пішен өртенсе, қазір көбінесе тұрғын үйлер өрт қоюшылардың нысанына айналған. Жарты жыл ішінде үйлерді өртеудің 8 және пішен өртеудің 5 оқиғасы орын алды.
Жыл басынан бері облыстағы су қоймаларында 5 адам (2012 жылдың осындай мерзімінде – 16 адам) суға батып кетті Судан құтқару қызметінің қызметкерлері21 адамды (2012 жылдың осындай мерзімінде – 11 адамды) құтқарып қалды.
Қала шеңберінде қала тұрғындары көп шомылатын жарақталмаған 10-нан астам жағажай бар. Жақын күндері Жилгородоктағы және Ұлттық банктің облыстық филиалы маңындағы жағажайларды «Сәрсекен» ЖК сенімді басқаруына алды.
- Біз жыл сайын басқа да жағажайларды кәсіпкерлерге жалға беру туралы мәселені көтеріп отырамыз. Бірақ олар да құлшыныс таныта қоймайды. Өйткені Атырауда шомылу маусымы қысқа болады, - деді М. Құрманов.
Облыстық судан құтқару қызметінің басшысы Ершат ҚИБАШЕВТЫҢ айтуынша, қазір судан құтқару қызметінің қызметкерлері өзен жағалауын полициямен бірге күзетіп жүреді екен. Оның пікірінше, бұл статистикаға жақсы әсерін тигізген, өйткені өзен жағалауларын полицейлер бақылау камераларымен қарап шығады. Техникалық жарақталуы туралы сұраққа Қибашев құтқарушылардың көлік құралдарымен және құрал-саймандармен қамтылуы 70 пайызды құрайды деп жауап берді. Облыс бойынша 23 сүңгуір жұмыс жасайды. Қалада олардың саны – 15.
Туризм, дене шынықтыру және спорт бас-қармасымен бірге №1 мектеп-интернат пен «Ақбота» балалар үйінің тәрбиеленушілерін орталық жүзу бассейнінде жүзуге үйрету жұмыстары ұйымдастырылған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор