Атырау, 3 тамыз 11:12
 дождьВ Атырау +22.1
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін тағайындады

1 511 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) екі мүшесін қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;

Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды" делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысының өзге де жарлықтарымен:

  • Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Азамат Айманакумов бұған дейін Атырау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған.

7 қараша 2024, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.