Атырау, 11 желтоқсан 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Өндірістегі жазатайым оқиға: сот жұмыс берушінің талап арызын қанағаттандырудан бас тартты

840 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау қаласының тұрғыны ЖШС-ға 2022 жылы көлік жуу операторы болып жұмысқа қабылданған. 3 айдан кейін жуу механизмінің берілістерімен техникалық тұзды ұсақтау кезінде сол қолынан жарақат алған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жазатайым оқиға фактісін хабарлап, оны тексеру үшін комиссия тағайындалды.

Тергеу нәтижесінде жазатайым оқиғаның өндірістік қызметпен байланысты екендігі, оның 30%-ы жұмыскердің кінәсінен және 70%-ы жұмыс берушінің кінәсінен болғаны анықталған, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

ЖШС сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне шағым түсіргенмен, арнайы тергеу актісі өзгеріссіз қалды. Сондықтан, ЖШС сотқа мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісін жоюы жөнінде әкімшілік талап арызбен жүгінген. Атырау МАӘС-ы және апелляция даулы актінің заңдылығын атап, қойылған талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Сот жұмыс беруші тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау болмағанын, ұсатқыш механизмінің қорғаныс қабығын орнату бойынша шаралар қабылданбағанын, жазатайым оқиға болған күні жұмысшылардың қажетті саны қамтамасыз етілмегенін анықтады. Нәтижесінде сот талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды. Ал ЖС ӘЖСА жергілікті соттардың қорытындысымен толық келісіп, талап қоюшының кассациялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

5 қараша, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.