Атырау, 28 желтоқсан 02:55
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

ҚМГ басшысы ЭксонМобил басшылығымен ірі кен орындарды игеру барысын талқылады

1 090 просмотра
ҚМГ баспасөз қызметі

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «ЭксонМобил Апстрим Компани» аға вице-президенті Джон Уиланмен және «ЭксонМобил Қазақстан Инк» компаниясының басқарушы директоры Сесиль Ролинмен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Тараптар Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру барысын талқылады. «Теңізшевройл» компаниясы (ТШО) Теңіз кен орнында Болашақ кеңейту жобасы/ Сағалық қысымды басқару жобасы (БҚЖ/СҚБЖ) бойынша биыл СҚБЖ нысандарын пайдалана бастады.

А. Хасенов Қашаған кен орнын игеру мәселелеріне тоқтала келе, ҚазМұнайГаз үшін кен орнын одан әрі игеру аясындағы жобалар бойынша (екі газ зауытын салу және өндіру көлемін арттыру) бұдан бұрын белгіленген мерзімдерді сақтаудың стратегиялық маңызын атап өтті. Жобаларды сәтті іске асыру үшін барлық серіктестер, соның ішінде ЭксонМобил компаниясы жедел шешім қабылдап, бірлесіп әрекет етуі тиіс.

«Бұл жобалар өзара ынтымақтастығымыздың жаңа перспективаларына жол ашады және Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына ықпал етеді. Сондықтан қолға алынған жобалар уақытылы іске асырылуы тиіс», - деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Сонымен қатар кездесуде Теңіз және Қашаған жобаларының қажеттілігі үшін тауарлар өндірісін локализациялауға бағытталған жергілікті қамту мәселелері қаралды.

2023 жылы отандық жеткізушілермен жасалған келісімшарттар бойынша ТШО-ның жалпы төлемдері 3,9 млрд долларды құрады (жалпы көлемнің 71%). 2024 жылдың алғашқы алты айында қазақстандық қамту деңгейі 70%-ға жетті.

Жергілікті қамту бойынша NCOC (Қашаған операторы) жалпы төлемдері 2004-2023 жылдар аралығында 17 млрд доллардан асты. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық жеткізушілердің үлесі – 62%-дан астам. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚМГ мен ЭксонМобил арасында орнаған табысты серіктестікті жалғастыруға сенім білдірді.

Анықтама:

«ЭксонМобил» компаниясы Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Теңіз және Королев кен орнын игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-дегі (ТШО) үлесі 25%, Қашаған кен орнын қамтитын Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім аясында 16,81% үлесі бар, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумында 7,5% иеленеді.

30 қазан, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.