Атырау, 11 желтоқсан 08:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Железноводскідегі лагерьде жәндіктер көбейіп, құлсарылық балалар елге қайтатын болды

870 просмотра

27 қазан күні кеште Жылыой ауданы Құлсары қаласында балаларын лагерьге жіберген ата-аналар наразылық танытып, аудандық әкімдік ғимаратының алдына жиналды. 

- Балаларымыз Железноводскіге лагерьге кеткен болатын. Бармай жатып кері қайтамыз деп жатыр. Жататын жерлерінде тарақан толып кеткен. Видеоларын жиберді, енді біз балаларымызды кері қайтаруын өтініп тұрмыз,-дейді ата-аналар.

Біз осыған орай облыстық  білім басқармасы басшысы Марат АБУОВКЕ хабарласып, мынадай тұрғыда жауап алдық:

- 26 қазан мен 4 қараша аралығында "Қазақстан Геологы" емдеу пансионатында демалу үшін Жылыой ауданы Құлсары қаласының 174 (113 ұл мен 61 қыз) оқушысы жіберілген болатын. Балалар 27 қазан күні сағат 22:00 шамасында пансионатқа жеткен еді. Алайда сол күні ауа райына байланысты орман ағаштарында болатын жәндіктер көбейіп, пансионат ғимаратының ішіне таралған. Қазіргі уақытта ғимаратты жәндіктен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орын алған жағдайға байланысты балаларды шұғыл кері қайтару жұмыстары ұйымдастырылуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Тұрғын жолдаған сурет

28 қазан, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.