Атырау, 2 қараша 23:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Дамбы ауылдық округінде амбулатория ашылды

Бейнежазба
873 просмотра

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба шеңберінде  Дамбы ауылдық округінде  Амангелді селолық амбулаториясы жұмысын бастады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынған биыл 7-ші нысан. Жалпы ауданы 902 шаршы метрді құрайтын ғимаратта күндізгі стационар, зертхана, физиотерапиялық және басқа да медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалған  кабинеттер бар.

- Бүгінгі қала күнімен тұспа-тұс келген жаңа типтегі Амангелді селолық амбулаториясының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймыз. Халыққа толыққанды қолжетімді көмек көрсететіндей заманауи жабдықтармен жабдықталған ғимаратта енді тұрғындар қажетті емдерін толық ала алады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.
-  Ауылдастарымды бүгінгі ортақ қуанышпен құттықтаймын. Біз осыған дейін Дамбы дәрігерлік амбулаториясына қаралатын едік. Кейде қалаға жолдама береді. Енді міне бар уақытымызды жолға жұмсамай, қажетті ем-домды аламыз.өзімізде жаңа ғимарат ашылып қуанып жатырмыз, - деді ауыл тұрғыны Сатыбай Әпендіұлы.

Айта кетейік, медициналық нысанға тапсырыс беруші - Атырау облыстық құрылыс , сәулет және қала құрылысы басқармасы.


6 қазан, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.