Атырау, 23 қараша 15:07
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраулық дәрігерлер алты келі жатыр миомасын алып тастады

1 066 просмотра

Атырау облыстық перинаталдық орталығында дәрігерлер науқастан салмағы 6 келі, диаметрі 35 см болатын үлкен жатыр миомасын алып тастады.

Дәрігерлердің айтуынша науқастан үлкен миоматозды түйіні ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықталған. Оның сырқаты бірнеше жылға созылған. Науқас іші өсіп келе жатқанын, суырып ауыратынын айтып шағымданған. Нәтижесінде облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері жедел көмек көрсетіп, тиісті ем-шара жасады.

Науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты.

4 қазан, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.