Атырау, 21 қараша 19:07
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

«Ресей заңнаманы бұзды»: Қазақ жерін зарлатқан полигонға не болмақ?

1 055 просмотра

Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі Orda.kz сауалына жауап беріп, Ресей Федерациясына жалға берілген әскери полигондар орналасқан Батыс Қазақстан облысында экологиялық заңнаманың бұзылғанын растады.

«2023 жылғы қыркүйекте экология департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде 929-шы Мемлекеттік ұшқыш-сынаушы орталығы мен 4-ші Мемлекеттік орталық аралас полигоны объектілерінде зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясының асып кеткені анықталды. Бұзушылықтар туралы Ресей тарапының хабарламаларына жауап келмеген», — деп мәлімдеді Экология министрлігі.

Сонымен қатар, 2023 жылғы қазан айында зымыран бөліктерінің құлауы жағдайы тіркелді. Одан кейін су мен топырақтың талдаулары жүргізіліп, қауіпті заттардың бар екенін растады.

Осыған байланысты, экология вице-министрі Жомарт Әлиев министрліктің құзыретіне халықты көшіру және өтемақы төлеу мәселелері кірмейтінін атап өтті.

26 қыркүйек, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.