Атырау, 23 қыркүйек 17:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Атыраулықтар Батуми ботаникалық бағының ағаштарына өз есімдерін жазып кеткен

118 просмотра

Грузиялық оқырманымыз қаламыздың тұрғындары арасындағы тағы бір вандализм дерегін айтып берді. Фотосуретте бір әйелдің серігінің қолдауымен ғасырлық бамбук ағашына аты-жөнін сызып жазып жатқаны көрініп тұр. Өкініштісі, жазуға сүйенсек, атыраулық екені даусыз.

Баққа келген басқа қонақтар ғашықтарға ескерту беріп, күзетті шақырған. Алайда туристер қашып үлгерген.

«Олар Грузиядан шығып үлгермей, кеденде оларға айыппұл салды деп үміттенемін», - деп жазады жергілікті батумилік ашулы тұрғын.

Айтпақшы, қазақстандықтардың мұндай ұят әрекеттерімен елді масқаралауы бірінші рет болып отырған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Батуми ботаникалық бағы - әлемдегі ең ірі ботаникалық бақтардың бірі. 1880 жылы орыс ботанигі және географы Андрей Николаевич Краснов негізін қалап, 1912 жылы 3 қарашада ресми түрде ашылған.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.