2 шілдеде «АМӨЗ» ЖШС құрылтайшыларының (зауыттың 99,5 пайыз қожайыны - «ҚазМұнайГаз – Қайта өңдеу және Маркетинг» АҚ боп табылады) кезектен тыс жиналысы болды. Онда АМӨЗ-дің бас директоры лауазымына Қайрат ОРАЗБАЕВ бекітілді. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.
Оразбаев Қайрат Құлымұлы, 1963 жылы туылған, Атырау мұнай өңдеу зауытында 30 жылдай уақыттан бері жұмыс жасап келеді. Еңбек жолын қондырғы операторы қызметінен бастап, зауыттың бас инженеріне дейінгі қызметтерді атқарды. Ол АМӨЗ-дің бас директорының міндетін биылғы жылдың 21 маусымынан бастап, ҚМГ басқармасының шешімімен осы лауазымнан Арман Қайырденов босатылғаннан кейін атқарды.
Бұдан басқа, жиналыста «АМӨЗ» ЖШС басқармасы 3 жыл мерзімге сайланды. Оған Қ. Оразбаев, бас инженер Денис Козырев, күрделі жөндеу және қайта жарақтау жөніндегі директор Нұрлан Кейкин, кадрлар жөніндегі бас директордың орынбасары Қанат Қабденов, қаржылық мәселелер жөніндегі директор Ләззат Ақтаубаева, бас бухгалтер Лариса Донскова мен заң департаментінің директоры Вячеслав Лаговский енді. Басқарма төрағасы боп Қ. Оразбаев сайланды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ