Атырау, 23 желтоқсан 12:15
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Азаматтарды емханаға тіркеу науқаны басталды

1 027 просмотра
Көрнекі сурет

Науқан 1 қарашаға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек, өзі қалаған мемлекеттік және жекеменшік емханаларға да тіркеле алады. Тіркелу екі әдіспен жүзеге асады:

Бірінші, азаматтар жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен Egov электронды веб-порталы арқылы тіркеле алады. Мұнда, емхана таңдау кезінде оның үйден немесе жұмыстан алыс болмауы ескеріледі. Егер, тіркелуші шалғайда тұрса, емхана дәрігерлері үйге барып, медициналық қызмет көрсетпейді.

Ал екінші әдіс бойынша кез-келген азамат өзі таңдаған емханаға барып тіркеледі. Бұл ретте, облыстағы барлық мед-ұйым азаматтарды қабылдауға әзір. Егер осы екі айдың ішінде басқа емхана таңдасаңыз, онда автоматты түрде осыған дейін тіркелген клиникадан шығасыз.

Айта кетейік, науқан кезінде барлығына бірдей емхана ауыстыру міндетті емес. Азаматтар өз клиникасының қызметіне көңілі толса ары қарай пайдалана беруге болады.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 қыркүйек, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.