Атырау, 26 желтоқсан 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Абақты бастығы тергеуге алынды

1 394 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тергеу изоляторының бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының қандай бап бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 тамыз күні БАҚ-та құқыққорғау органдары қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол ҚАЖК №75 мекемесі бастығының м.а. болып шықты.

ҰҚК оның жекеменшік моншада 500 мың теңге көлемінде пара алу кезінде (жартысын соның алдында алған) ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығармады.

ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары А.МҰҚАШЕВТІҢ сауалына берген жауабына сүйенсек, қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігі («Құқық қорғау органы қызметкерінің немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның пара алуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл бап пара сомасының жиырмадан елу есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды немесе белгілі бір қызметпен айналысу, не белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкін тәркілеумен қатар бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сенімді дереккөздерден алынған мәліметке қарағанда, пара алудағы мақсат тергеу изоляторы бастығының (шын мәнінде ол басшының міндетін атқарушы болған) сотталғандардың бірін мекемеде қалдыруға уәдесі болған. Айтпақшы, айыпталушылар тергеу және сот процестері кезінде тергеу изоляторында болады. Сот үкімі шыққаннан кейін олар жазасын тұрақты жаза өтеу орнында өтейді.

Атырау облысының Антикор қызметі мекеме өндірісінде тергеу изоляторы бастығының пара алғаны туралы іс жоқ екенін хабарлады. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

2 қыркүйек, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.