Атырау, 11 қазан 10:33
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Түйіндеме түйткілдері

1 829 просмотра

«HeadHunter Казахстан» компаниясының зерттеу орталығы еңбек нарығына зерттеу жүргізіп, Атырау облысына жұмысқа орналасу кезінде шикізат өндіру саласындағы орындардың бәсекелестіктің ең жоғарғы деңгейін құрайтынын анықтады.

2013 жыл басталғаннан бері hh.kz сайтына орналастырылған Атырау облысындағы бір жарым мың бос жұмыс орындарына талдау жасай отырып, олар «Шикізат өндіру» кәсіби саласындағы мамандар арасында үміткерлер саны көп екендігін анықтады. Орташа алғанда бір бос орынға 67 үміткер байқалған. «Бухгалтерия, басқару есебі, қаржы және кәсіпорын» және «Әкімшілік қызметкер» саласында бұл көрсеткіш, тиісінше, 59 бен 58-ді құрады. «Спорт клубтары, фитнес, сұлулық салондары» және «Өнер, ойын-сауық, массмедиа» секілді салаларда бәсекелестіктің төмен екендігі байқалады. Бір орынға тиісінше 4 және 8 үміткерден келеді.

Жұмыс іздеушілердің түйіндемелерімен жете танысқан зерттеушілер сауалнама толтырушылардың 73 пайызы «өз бағасын біледі», өйткені өздері қалайтын жалақы деңгейін көрсетіп отыр деген тұжырымға келді. Бір қызығы, олар түйіндемеге өз фотосуреттерін жиі жалғайтын болған. Егер 2012 жылдың басында сауалнамалардың 37 пайызында фотосурет болған болса, биылғы мамыр айында жартысынан көбінде фотосурет бар боп шықты. Көбіне әйелдер өз фотоларын ерлерге қарағанда жиі жалғайды. Жұмыс іздеуші ер адамдардың 98 пайызы өз жастарын көрсетеді, ал әйел адамдар арасында бұл цифр төмендеу – 92 пайыз.

Түйіндемеге өзі қалайтын еңбекақыны көрсететін жұмыс іздеушінің жұмыс табуға мүмкіндігі зор. Біріншіден, еңбекақы -жұмыс беруші үшін лайықты үміткерді іздеу параметрлерінің бірі болуы мүмкін. Екіншіден, екі жақтың да не қалайтыны ашық көрсетілсе, келісімге келу анағұрлым оңай, - деп түсінік береді «HeadHunter Қазақстан» компаниясының маркетинг және PR жөніндегі директоры Марина САКИЕВА.Жұмыс іздеушінің фотосуретіне келер болсақ, егер бұл модель ретіндегі жұмыс орны болмаса, суретінің болғаны, әдетте, жұмыс берушінің түйіндемеге қызығушылығына әсер етпейді. Жұмыс берушіні ең алдымен түйіндемедегі кәсіпқойлық жағы қызықтырады. Оның үстіне жекелеген жағдайларда фотосуреттерден қарама-қайшы әсерде қалуы мүмкін. Сыртқы келбет мәселесі өте субъективті және ол PR маманның теріс реакциясын туғызуы ықтимал.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.