Атырау, 11 желтоқсан 12:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

18 минуттық жұлдызды сәт

5 339 просмотра

25 маусым күні облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы «Атырау» мейманханасында алғаш рет TED форматында конференция өткізді.

БӘРІ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?

TED aббревиатурасы Technology, Entertainment, Design деген сөздердің қысқарған түрі. «Таратуға лайықты идеялар» деген конференция слоганы оның басты миссиясын – қызықты идеялар туралы көп адамдарға әңгімелеуді білдіреді. Кезінде алғашқы ТЕD конференцияларда жаңадан шығарылған Macintosh компьютері, Sony компаниясының әлемдегі алғашқы компакт-дискісі көрсетілді, ал жасанды зерде жөніндегі маман Марвин Мински өзінің жаңа тұжырымдамасымен таныстырған болатын. Қазір мұндай конференцияларға өз идеясы туралы 18 минут ішінде айтып бере алатын ең озық ойлы адамдарды жинайды. Қазіргі конференция ұйымдастырушылары «Атыраудағы бизнес» тақырыбын таңдапты.

Бүгінде бизнеспен айналысу керек, өйткені өз ісің тек табыс көзі ғана емес, өзін өзі дамытуға апарар жол, - дейді сеніммен Атырау облыстық Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА. Ол жекешелендіруге ілінгендердің қандай жағдайда істі бастағандарын әңгімелеп берді: КСРО күйреп, мемлекеттік жоспардың, кепілдендірілген көлемнің жоқ кезі болды. Бүкіл табысты салық «жеп қоятын», ал оның үстіне тауарларды кедендік тазарту мәселелерімен айналысу керек. Бірде-бір банк жас бизнесмендермен байланысқылары келмеді, несие алу туралы армандауға да болмайтын еді. Елімізде 20 жыл бұрын болған жағдайдан айырмашылығы, бүгінде мемлекет шағын және орта бизнеске жақсы көмектесіп, істерін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен инновациялық жобаларға қолдау көрсету, субсидиялау мен несиелерге кепілдік беру, шағын несиелендіру және т.б. бағдарламалар қабылданды. Оның пікірінше, бүгінде өндіріске басты назар аудару керек, бұл аумақ бізде әлі игерілмеген.

 

БИЗНЕС ШАБАШКА ЕМЕС

Бірнеше бағытта (мейманхана бизнесі, жиһаз шығару) жұмыс істейтін тәжірибелі кәсіпкер Айбар ЖАНИЯЗОВТЫҢ сөзі эмоцияға толы болды. Ол, өз пікірінше, табысқа жетелейтін ережелерді атады. Біріншіден, жаныңа жақын істі таңдауың керек – егер саған қызық болмаса, жетістікке жете алмайсың. Екіншіден, бизнеске шабашка секілді қарауға, табыс тауып, содан соң саябырсуға болмайды. Кейбіреулер істі бастап, айналдырып кетеді де, тұрақты табыс ала бастағанда, орнына басқарушыны қойып қояды. Бірнеше айдан кейін іс табыс әкелуді тоқтатады, бұл - заңды нәрсе. Ол іскерлік мәселелерін ғана емес, күнделікті өмірдегі бизнесменнің жеке парасаттылығы секілді «коммерциялық емес» факторды да қозғады:

Бұған сенбеулеріңіз мүмкін, бірақ бүкіл теріс амал-әрекеттеріңіз бизнесте өзіңізге сәтсіздікпен оралады.

Неден бастау керек деген сұрақ барша жанды мазалайтыны сөзсіз. Бұған Жаниязовтың берер жауабы бар: біздің қаламызда игерілмеген іскерлік нарығы болсын-болмасын, бірақ қызметтер жоғары сапада көрсетілмейді. Кемеңгер болудың қажеті жоқ, кейде бөгденің идеясын жергілікті діл мен климаттық жағдайларға бейімдеу жеткілікті екен.

Бірнеше жыл бұрын Алматы бағында попкорн саудасы қызу жүріп жатқанын көрдім. Сөйтіп, аппарат сатып алдым, бірақ жергілікті ақиқатты ескермеппін: ол кезде бізде әдемі алаңдар, бақтар, кинотеатрлар жоқ еді. Жел, шаң-тозаң болған «Люция» базарында попкорн сата бастадым. Халық бұл жаңалыққа салқынқандылықпен қарады: попкорн дәмсіз әрі шаң-тозаңға көмілгендей көрінген еді, - деп әңгімеледі бизнесмен өзінің сәтсіздікке ұшыраған тәжірибесі туралы.

Біздің қаламызға бүгінде еліміздің басқа өңірлері мен шетелден келушілер көп. Олар көңіл көтеретін демалыс орындары аз, баратын жер жоқ, қызмет көрсету сапасы төмен деп наразылық білдіріп жатады. Мұны есту оңай емес, бірақ барлық нәрседен сабақ алу керек. Демек, жергілікті бизнесмендерде жұмыс майданы шаш етектен, тек қызмет саласын таңдап, алға басу керек.

 

НЕГІЗГІ БЮРОКРАТ – БАНКТЕР

Айжан БОҚАЕВААйжан БОҚАЕВАСочиде өтетін алдағы қысқы Олимпиадаға қазақстандық құрама формасының үздік дизайны конкурсында жеңіске жеткеннен кейін танымалдылыққа ие болған Айжан БОҚАЕВАНЫҢ кәсіпкерлік қызметтегі тәжірибесі әзірге өте аз екен. Өзінің «Ayoka Bo» Сән үйін бар болғаны 3 ай бұрын ашқан. Алайда дизайн саласындағы жұмыс тәжірибесі қомақты – 12 жыл көрінеді. Бұл бизнесте ешкім де жасына қарап, жеңілдік жасамайды. Егер істі қолыңа алсаң, тәжірибелі кәсіпқойлармен тең жұмыс жасауға міндеттісің. Мұндай қатаң тәсіл, қыздың пікірінше, ол үшін керемет мектеп болған. Айжан басты көзір - өз бизнесіңді бастайтын салада негізі қаланған білім болуы керек деп есептейді. Оның өзі сән әлеміне бала кезінен аяқ басып, сән академиясында оқыған. Ал оның анасы «Сымбат» Сән орталығының директоры болыпты. Технологтар, дизайнерлер, құрылымдаушылар, өнертанушылар, костюм тарихшылары жұмыс істейтін «асүйді» Айжан «өңін айналдырып, бүге-шүгесіне дейін» білетін көрінеді.

Ол жаңадан бастаған кәсіпкер-лерге кездесетін қиыншылықтар туралы әңгімелеп берді.

Ең басты кедергі – бюрократия салтанат құрған банктер. Мен 12 банкті айналып шықтым, бірақ менің бизнес-жоспарым ешкімді қызықтырмады. Бірақ қол қусырып отыруға болмайды, бұл тек алғашқы қиыншылықтар ғана. Қазір мемлекеттік қолдау туралы, «Даму» қоры және т.б. туралы көп айтылып жатыр, бірақ бұл айсбергтің көрінетін бөлігі. Оның суасты бөлігі бизнесті суға кетіруі мүмкін: алдымен әңгіме 7 пайыз мөлшерлеме туралы болды, содан кейін өмірді сақтандыру, бизнесті сақтандыру, сөмкені, бижутерияларды сақтандыру басталады. Нәтижесінде 14-15 пайыздың барлығышығады.

 

СЫРТҚЫ КӨЗҚАРАС

Келеді деп күтілген спикерлердің бірі конференцияға қатыса алмады, бірақ оны тосыннан пікірін айтуды ұйғарған«Атырау» қонақ үйінің бас атқарушы директоры Бюлент ХАДЖИОГЛУ алмастырды.

Мен - буржуй, капиталистпін деуге болады. Қауызы бар үйде дүниеге келдім. Тегім түрік, ұзақ жылдар бойына Швецияда өмір сүрдім, өте ірі компанияларда жұмыс істедім, соңғы кездері Мәскеуде тұрып, сол жақта жұмыс істеп келдім, - деп ол өзін таныстырды.

Ол алғашқы кезеңде білімнің маңызды екендігімен келісіп отыр. Зерде бұл жаратқанның сыйы, ал білім – бұл еңбек. Оның Атыраудан бірінші байқағаны және оған түсініксіз боп көрінгені – немқұрайлық екен. Бәлкім, бұл ақпараттың қолжетімділігінің жемісі шығар. Бәрін ғаламтордан біле салған оңай, сондықтан адамдар мәселенің мән-жайымен жете танысуға бас қатырып жатпайды.

Мәселен, жұмысқа орналасуға бір жас жігіт келеді. Өзін ағылшын тілін білемін, аудармашылықта оқып жүрмін деп таныстырады. Оған сұрақтар қойсаң, тілді дұрыс білмейтіндігін көресің. Білім үшін ақша төлеп, бірақ тілді үйренбеу деген немқұрайлық болмай немене? Немесе басқа бір жергілікті жас жігіт келеді. Қазақстанда қанша адам тұратынын, әскері қандай және т.б. деп сұрасаң, ел халқы 25 миллиондай болатын шығар деп айтады, әскер мен басқа нәрселер туралы миына да кіріп шықпайды. Бұл өз еліңе деген немқұрайлық қой, - деп есептейді Б. Хаджиоглу.

Қаламыздағы жаңа форматта-ғы алғашқы конференция осылай өтті. Қатысушылар Атырауда бизнес жасауға болады және жасау керек деген түйін жасады. Бастысы – дұрыс бағытқа «түсіп», таңдалған салада өздігінен тұрақты білім алып тұру керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

4 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.