Атырау, 25 желтоқсан 07:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Әйелге дауыс көтеру де қылмыс

3 912 просмотра

Жанұя мүшелеріне психологиялық және физикалық тұрғыда жәбір көрсететін жанжалқорларға бір жылдан бері қағаздың көмегімен тыйым салынып келеді.  Учаскелік инспектор ресми түрде қол қойған «қорғау нұсқамасы» сотқарды тәубесіне келтіреді.

ЖАНЖАЛҚОРДЫ ЖАЗАЛА

2009 жылдың желтоқсанында Қазақстанда «Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» жаңа заң пайда болды. Онда, атап айтқанда, қорғау нұсқамасы туралы норма бар. Мәселен, маскүнемдікке салынып, отбасының шырқын бұзған күйеуіңіз сізді жанжал шығаруға итермеледі делік. Еш азапқа салынбай, 02-ге қоңырау шалыңыз. Оған арыз жазу міндетті емес. Жанжалқойға ендігі уақытта үйде төбелес шығаруға тыйым салынғандығы айтылған қорғау нұсқамасын береді.. Әрекет ету мерзімі – 10 күн, оны 30 күнге дейін ұзартуға болады. Ол нұсқаманы бұзса, 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді.   

ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қала тұрғындары 15 тәулікке қаматып, қылмыстық жазалауға арыз бергеннен гөрі, учаскелік инспектордың қорғау нұсқамасын бергенін жөн көреді екен. Тіпті көп жағдайларда нұсқаманы бұзғаны үшін төленетін айыппұл отбасылық бюджетке түссе де бұл жәбірленген атыраулық әйелдерді тоқтата алмайды. 2010 жылы облыс бойынша 773 қорғау нұсқамасы (бар болғаны 17-сі бұзылған), биылғы жылдың І тоқсанында 313 нұсқама (бұзылғаны 13) шығарылған.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық жасаушыға жазбаша түрде қысым жасауға тыйым салынса да, онымен бір шаңырақта өмір сүретін құрбандықтың жағдайы қалай болмақ? Осындай нормалар бар кейбір Еуропа елдерінде бұл мәселе шешілген. Мәселен, Эстонияда жанжалқор нұсқама берілгеннен кейін осы 10 күн ішінде отбасынан кетуі тиіс (қайда кететіні оның проблемасы). Оның білегіне электронды чипі бар білезік кигізеді. Жұбайына заңсыз жақындаған жағдайда оны сол мезет байлап тастайды.

«БҰРЫНҒЫ КҮЙЕУІМ ЖҮЙКЕМДІ ЖҰҚАРТТЫ»

Бұл заң некедегі ерлі-зайыптыларға ғана емес, некеде болған бұрынғы ерлі-зайыптыларға немесе бірге тұратын адамдарға да қатысты. Яғни, нұсқама баяғыда ажырасып кеткен, бірақ өзінің бұрынғы әйелінің соңына түсіп жүрген адамдарға да беріледі. Оған жақындауға ғана емес, қоңырау шалуға да, тіпті оның нөміріне sms жіберуге де тыйым салынады.

Полицейлер бұрынғы күйеуі ізіне түскен азаматша Б-ға қатысты таяудағы болған жағдайды әңгімеледі. Өзін күтіп тұратын адаммен кездесіп қалмас үшін оған жұмыстан ерте сұранып, үйінің есіктерінің барлық тиектерін бекітіп алуға тура келген. Кеш сайын, үйге кіргізуді талап етіп, есікті ұрғылай берген соң, әйелдің жүйкесі шыдамай, полицияға қоңырау шалған. Мезі қылған бұрынғы күйеуін бөлімшеге алып кеткеннен кейін ол үйдің табалдырығын аттап баспаған. Полицейлер әйелдерге күйеулерінің қол көтеруін күтіп отыру міндетті емес екендігін ескертеді. Сізді балағаттағаны немесе, мәселен, құрбыларыңызбен кездесуге тыйым салғаны жетіп жатыр. Мұның бәрі психологиялық қысым деп есептеледі және полицияға жүгіну үшін негіз боп табылады.

Анастасия ПАСТУХОВА

13 сәуір 2011, 20:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.