Атырау, 23 желтоқсан 12:19
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ​басталады

Бейнежазба
1 330 просмотра

Қыркүйектен бастап адам папиллома вирусына қарсы қыздарға екпе салына бастайды. Жатыр мойны обырынан сақтанудың негізгі жолы – адам папиллома вирусына қарсы екпе алу. Бұл туралы облыстық онкологиялық диспансердің онко-гинекологы Жадыра ҚҰДАБАЕВА мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Дүниежүзілік ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, қатерлі ісікті тудырушы вирус адам паппиломасы екені дәлелденген. Айта кетейік, 2012-2013 жылдары бұл екпе облыста пилоттық жоба ретінде іске асты. Қазір, сол кезде екпе алған азаматшалардан аурудың белгілері анықталмады. Сондықтан, биыл қайта жоспарға енгізілді. Екпе салу жұмыстары оқушы қыздардың ата-анасының рұқсатымен жүргізіледі, - деді Ж.Құдабаева. 

Анықтама үшін: облыста 560 әйел жатыр мойны обырымен есепте тұр. Соның ішіндегі 56 науқас соңғы алты айда тіркелген. Ал, өткен жылы осы аурудан 24 әйел қайтыс болған.


27 тамыз, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.