Атырау, 26 қараша 00:24
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кассалық жазалау құрбандары-3

1 761 просмотра

Еліміздің Жоғары соты Атырау облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сотының Realty Invest Holding ЖШС жүргізушілеріне қатысты іс бойынша қаулысының күшін жойып, кері қарауға жолдады.

Біздің газетіміз бұл процесті басынан бастап қадағалап келе жатыр («АЖ» 6.12.12 күнгі №49 «Кассалық жазалау құрбандары» және 17.01.2013 күнгі №2 «Кассалық жазалау құрбандары-2» мақалаларын қараңыз). Естеріңізге салсақ, жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны жөнінде компанияның8жүргізушісі сотқа шағымданған. Шарт бойынша жұмыс уақыты таңертеңгі 9-дан кешкі 18.00-ге дейін белгіленген. Жалақы – 54 мыңнан 97 мыңға дейін. Шын мәнінде жұмыс бұдан ерте басталып, кеш аяқталатын. Әр жүргізуші күніне орта есеппенүшсағаттай артық жұмыс жасаған.

2012 жылдың наурызында олар қалалық, содан кейін облыстық прокуратураға ұжымдық шағым жазады. Қадағалаушы орган оларға сотқа шағымдана алатындарын айтып, жауап қайтарса, ал жұмыс беруші еңбек төлемдеріндегі өзгерістер туралы хабарлама ұсынады. Содан бері олардың еңбек ақысы 25 мың теңгені құрады. Жүргізушілердің пікірінше, бұл прокуратураға шағымданғандары үшін компанияның жасап отырған жазалау шарасы. Кейіннен олар жұмыстан босатамыз деп қоқан-лоққы жасалған соң, жаңа келісім-шарттарға қол қоюға мәжбүр болды. Сол кезде жүргізушілер өз жұмыс берушісін сотқа беріп, еңбекақы бойынша айырмашылықты, артық жұмыс үшін еңбекақы төлеуді, сондай-ақ, моральдық зиян үшін өтемақы талап етті. Олардың өтініші бойынша тәжірибелі бухгалтер артық жұмыс істеген демалыс және мереке күндері үшін қанша ақша алуға тиіс екенін, сонымен қатар уақытында төлемегені үшін өсімді есептеп берді. Олардың әрқайсысы миллион теңгедей кем алған боп шықты.

Жұмыс уақытынан артық жұмыс сағаттары туралы деректер тапсырыс берушінің өкілі «Акер Квернер» компаниясында жүргізілген көлік жүрісі есебі кестелерімен расталды. Кестенің түпнұсқасы жұмыс берушіге жіберіліп, көшірмелерін жүргізушілер өздеріне қалдырған. Сондай-ақ, сотта куәгер ретінде сөз алған «Акер Квернер» компаниясының бұрынғы қызметкері Альфия ИСМАҒҰЛОВАНЫҢ айтуынша,  әрбір жүргізуші ай басында табель жүргізуге тиіс, онда күн сайын жұмыстың басталу және аяқталу уақытын көрсетіп, қандай бағытта жүргенін, күн сайын қанша жүргенін көрсетуі тиіс екен. Бұл табель - маңызды құжат, соның негізінде «Акер» компаниясы мен оған тапсырыс берушілері «Аджип» және Realty Invest Holding ЖШС компанияларының арасындағы өзара есеп-айырысулар жүргізілген. Алайда шағымданушылардың барлық уәждеріне жергілікті сотта назар аударылмады.

Облыстық деңгейдегі барлық сот тараптарынан өткен жүргізушілер өз адвокаттары Мырзахан ТӨЛЕГЕНОВ арқылы Жоғары сотқа шағымданды.

ҚР Жоғары сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасы шағымданушылар өкілін, жауапкерді және прокурорды тыңдап, істі келесі себептерге байланысты кері қарауға жіберу керек деп шешті. Шағымданушылар өз талаптарын негіздеу үшін арыздарына дәлелдемелерін (тайм-шиттер, жұмыс уақытын есептеу табельдері және қарыздар бойынша есептесулер) тіркеген. Сонымен қатар олар соттан жауапкерге осы табельдердің түпнұсқасын әкелу туралы талап қоюын өтінген. Алайда сот бұл өтінішті ескерусіз қалдырып, шағымданушылар ұсынған дәлелдемелер тексерілмеген. Куәгер Альфия Исмағұлова жүргізуші табелі бастапқы құжат болып табылатынын және соның негізінде компаниялар арасында өзара есеп айырысулар жүргізілетінін растады (сот қаулысына тіркелді – З.И.).

Компанияның транспорт үйлестірушісі «Акер Квернер» тайм-шиттерге, уақыт есептеу табельдеріне өз қолын қойып, мөрін басқан және өздері үшін көшірмесін түсіріп алып, оларды «Аджип» компаниясына қол қоюға жіберген.

Жүргізушілер жұмысын «Акер Квернер» компаниясының қызметкері үйлестірген.

Іс бойынша мүдделі куәгердің түсініктемесі ескерусіз қалып, ол атап өткен «Акер Квернер» компаниясының қызметкерлерінен дау жағдайлары бойынша жауап алынбаған. Сонымен қатар, сот тараптары, шағымданушылар өз талаптарын растап, жауапкер олардың есебін мамандарды тарту арқылы тексеруді талап етпесе де, даудың мәніне ден қоймастан, істі бір бағытта жүргізген. Сот, сондай-ақ, еңбек жағдайларын өзгерту туралы бұйрықтың заңсыздығы туралы дәлелдерді де тексермеген. Жалақының қысқарғанына байланысты жұмыс көлемінің азаймағанына, жұмыс уақытының сағат саны да кемімегеніне келтірілген шағымданушылардың уәждері де қаралмаған.

«Осыларға байланысты, сот жауапкер мен Caspian Offshore Construction Realty ЖШС үлестес тұлғалар екендіктері жөніндегі деректерді зерттеп, соңғысының жауапкердің 40 автокөлігін пайдаланудан бас тартқанының растығын тексеріп, жұмыс көлемінің шын мәнінде қысқарғанын растайтын қосымша құжаттарды талап етіп, басқа қызметкерлердің де жалақысының қысқарғаны жөнінде анықтауы керек еді деген шағым берушілердің уәждері негізделген», - деп жазылған Жоғары сот қаулысында.

Осылайша, Атырау қалалық соты шешімінің, азаматтық істер апелляциялық сот алқасының қаулысы мен Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасының қаулысының күші жойылып, басқа құрамдағы апелляциялық сот инстанциясына жолданды.

- Жоғары сот өзінен төмен деңгейлі соттарға барлық жіберген қателіктерін түзеп, істі тиісінше дұрыстап қарауға міндеттеді, - дейді адвокат Мырзахан ӨТЕГЕНОВ.– Менің деректерім бойынша, іс облыстық сотқа әлі келіп түспеген және апелляция күні белгіленген жоқ. Істі дұрыс, нақтылап қараса, менің клиенттерімнің талаптары қанағаттандырылады деп үміттенемін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.