Атырау, 23 желтоқсан 19:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Браконьерлікпен әскери-теңіз флоты да күреспек

2 870 просмотра

6-сәуірде Атырау облысының прокуроры Бауыржан СМАТЛАЕВТЫҢ төрағалық етуімен браконьерлікпен күрес жөнінде кезекті отырыс болып өтті.

Облыстық прокуратураның баспасөз релизіндежазылғандай, алдағы балық аулау маусымында браконьерлікпен күресуге Жайық-Каспий бассейніне 400-ден астам адам, 40 бірлік техника, 50 жүзбе құралдары, 17 бейнебақылау камералары жұмылдырылған. 30-дан астам қосындар ұйымдастырылған, оның 6-уы біріккен және 19-ы мобильдік топтардан құрылған. Бұған әскери кемелер мен тікұшақтардың тартылатындығы ерекше аталған. Дағыстандық браконьерлердің автоматтармен, гранаталармен, тіпті «Муха» деп аталатын гранатаметпен қаруланғандары белгілі болды. Жарты жыл бұрын дағыстандықтар мен арнайы жасақ полицейлерінің арасында болған теңіздегі қуғын мен атыс кезінде екі браконьер қаза болған еді. Қазіргі кезде қолға түскен браконьерлердің барлығы жалпы режимдегі атыраулық колонияда жазаларын өтеуде. Оларды бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге соттаған болатын.

2010 жылы облыс бойынша 190 келі қара уылдырық, 6 байда қайығы, 2 кәсіпшілік-көлік кемесі, 3870 балық аулау құралдары тәркіленген.

Лев ГУЗИКОВ

13 сәуір 2011, 20:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.