Құлсары қаласы арқылы ағып жатқан Құрсай өзегінен паразитарлық ауру тудыратын таспа құрты табылып отыр.
Осыған байланысты ауданның санитар дәрігерлері дабыл қағуда. Олар жергілікті тұрғындарды өзектен балық аулауға және шомылуға болмайтынын ескертіп, сақтандырады.
- Аурудың белгілері мынадай: адамның іші қатып, аузынан жаман иіс шығып, басы ауырып, айналады, - дейді Жылыой аудандық МСЭҚБ бастығы Алмажай ҚАЛМҰХАНОВА. - Ішінде бірдеңе жүргендей сезіледі, жас балалар есінен танып құлап қалуы мүмкін, жүрек соғысы жиілеп, қаназдық пайда болады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА