Бүгін, 3 шілдеде Қазақ ұлттық деректер орталығының сайтында Каспий теңізінде магнитудасы 3,5 баллдық жер сілкінісі болғандығы туралы ақпарат пайда болды.
Жер сілкінісінің эпиорталығы 18 шақырым тереңдікте болған.
«ГЗИ (Геофизикалық зерттеу институтының) РМК Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылдың 3 шілдесінде 6 сағат 30 минутта Астана уақыты бойынша Каспий теңізінде жер сілкінісі орын алған. Эпиорталық координаттары: 41.58 градус солтүстік ендікте, 50.71 шығыс бойлықта. Магнитуда mb=3.5»,– делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, Каспийде соңғы рет жер сілкінісі бірнеше ай бұрын болған еді. Ұлттық деректер орталығының директоры Татьяна МИХАЙЛОВАНЫҢ айтуынша, бұл қалыпты тектоникалық процесс екен:
– Бүкіл Каспий теңізі арқылы – Түркіменстаннан Әзірбайжанға дейін жер қыртысының тереңнен жарылған жерлері созылып жатыр. Ол жерде айына бірнеше рет үнемі жер сілкінісі болып тұрады. Бүгінгі жер сілкінісі - әлсіздеу.
Координаттарға қарағанда, эпиорталық Баку мен Ақтаудан бірдей қашықтықтағы Каспий теңізінің қақ ортасында болған.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА