Атырау, 10 қазан 10:40
 дождьВ Атырау +9.1
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Атырау облысында ауыл дәрігерлері лапароскопия жасауды үйренді

1 124 рет қаралды

Жылыой аудандық ауруханасының дәрігерлері 1987 ж.т. азаматқа аппендицит диагнозын қойып, жедел түрде ота жасады. 

Ота хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігерлердің қатысуымен өтті.

Лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі. Бұл тәсілмен ота жасалған емделуші бір-екі күн ішінде аяққа тұрып кете алады.

Бұл операция еліміздің медицинасында бірнеше жылдан бері қолданылып келгенімен жергілікті аудандық ауруханаларға енді енгізіліп жатыр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 тамыз 2024, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.