Атырау, 10 желтоқсан 10:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Бір абзацпен

2 515 просмотра

Табиғат қорғау прокуратурасы балық қорғау қызметінің заңсыз жұмыстан босатылған үш қызметкерін жұмыстарына қайта орналастырды. Табиғат қорғау прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы С.Тұрсынбековтің айтуынша, оларды штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан шығарған. Алайда заң талап еткендей, бір ай бұрын оларға жазбаша түрде хабардар етпеген. Сол кезде бос орындар болса да басқа жұмыс орындарын ұсынбаған. Соған байланысты балық инспекциясының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

8-сәуірде үйлердің біріненӨзбекстанның екі азаматының денелері табылған. ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, оларды Құрманғазы мен Әлиев көшелерінің қиылысындағы жеке үйден тапқан. Алдын ала жасалған жорамал бойынша, қайғылы оқиғаға табиғи газдан улану себеп болған.

 

Мақат ауданының 40 мұғалімі «білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияны пайдалану» тақырыбы бойынша оқу курсынан өтті. Курсты «NCOC» компаниясы Орталық Азия Еуразиялық Қорымен серіктесе отырып өткізді. Мұғалімдерге «Қазақстан информатика оқытушыларының ассоциациясы» ҚБ қызметкерлері дәріс оқыды.

 

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 2011 жылдың ақпанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 155 741 теңге құраған (2010-жылдың ақпанымен салыстырғанда 18,2%-ға өскен). Сала бойынша ең жоғарғы еңбекақылардың бірі «мұнай» саласында - 246 416 теңге. Ең төменгі жалақы – ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (29 711 теңге) мен білім беру саласының (51 937 теңге) қызметкерлерінде.

 

10-сәуір мен 31-мамыр аралығындаоблыста «Бекіре» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі. Бұл шара бойынша алғашқы нәтижелер бар: балықты заңсыз аулау бойынша 5 факті, балықты заңсыз сатып алу мен өткізу бойынша 1 факті, оны заңсыз әкелу мен шығару бойынша 2 факті анықталды.

13 сәуір 2011, 19:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.