Атырау, 23 желтоқсан 12:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда дәрігерлер 12 жасар қыздың өмірін сақтап қалды

894 просмотра


Атырау облысының кардиология тарихында алғаш рет облыстық балалар ауруханасы мен облыстық кардиологиялық орталығының дәрігерлері балаға кардиостимулятор салды.

12 жасар қант диабетімен ауыратын. Аяқ астынан есінен танып қалған қыз дереу облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Балалар кардиологы Тамилла АЛПЫСБАЕВА жедел түрде жан-жақты зерттеу жүргізіп, науқастың жағдайы өте ауыл деп танылды – себебі жүрегі кез келген уақытта тоқтап қалуы мүмкін.

Атыраулық мамандар кеңес алу үшін дереу Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиология орталығының аритмологтарымен байланысты. Нәтижесінде Атырау кардиологиялық орталығында науқасқа ота жасалып, оң жақ қарыншаға (жүрек ішілік) белсенді фиксациясы бар тұрақты сыртқы кардиостимулятор имплантацияланды. Содан кейін қыз санавиация арқылы Астанадағы кардиологтарға жеткізілді.

Операцияны құрамында аритмолог дәрігер – Қ.Ж.Испергенов, ассистент – рентгенохирург А.А.Максимов, реаниматолог – Т.Лесулы, кардиолог – Ж.М.Оралбекова, балалар кардиологы Т.Маратқызы бар дәрігерлер командасы имплантацияны сәтті өткзіп, ритмді кардиостимулятор енгізді.

Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 тамыз, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.