Атырау, 23 қараша 15:54
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

КҚК делегациясы NCOC нысандарына барды

498 просмотра

КҚК баспасөз қызметі

2024 жылғы 5-6 тамыз күндері бас директор Николай Горбань бастаған КҚК делегациясы Қазақстандағы Солтүстік-Каспий жобасы нысандарына барды, жоба операторы - Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (NCOC)

5 тамызда Атыраудағы NCOC кеңсесінде Консорциум өкілдері NCOC компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті.

Сонымен қатар кездесуге NCOC компаниясының өндірістік операциялар жөніндегі атқарушы кеңесшісі Қуанышбек Мұқанов, стратегия және бизнес жөніндегі директоры Рохан Д'Суза, стратегия және бизнес жөніндегі директордың орынбасары Еркін Кабдығалиев қатысты.

Тараптар Қашаған кен орнындағы күтілетін жөндеу алдындағы және оны жүзеге асыру барысындағы жүк жөнелтушілердің кен орнынан мұнайды тапсыруы, сондай-ақ өтінімдерге сәйкес ағымдағы және перспективалық мұнай жеткізілімдерін іске асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, Қазақстан энергия қорларын КҚК мұнай құбыры арқылы экспорттық нарыққа тасымалдау кезіндегі халықаралық ынтымақтастық жөніндегі өзекті мәселелер қозғалды, Теңіз – Новороссийск мұнай құбырының әлемдік мұнай жеткізілімдері жүйесіндегі маңызы сөз етілді. Бұдан бөлек, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласы, және де осы саладағы тәжірибемен және ең үздік практикалармен алмасу жеке тақырыпқа айналды.

6 тамызда КҚК өкілдері Қашаған кен орнындағы Өндірістік операциялар дирекциясына барды. Атап айтқанда, олар Орталық басқарудың, Мұнай тасымалдау орталығының жұмысымен танысты, Солтүстік өндірістік аймақта және өзге де нысандарда болды.

Еске сала кетсек, Солтүстік Каспий консорциумы (NCOC) Қашаған кен орнын игерумен айналысады және де КҚК құбыр жүйесіне негізгі шикізат жеткізушілердің бірі болып табылады. Осы кен орнынан Теңіз – Новороссийск құбырымен экспортқа алғашқы мұнай 2016 жылы тасымалданды.

Қашаған кен орны бұрғылаудың және өндірудің дәстүрлі емес технологияларын қолдануды қажет ететін, табиғаты мен климаты қатаң аймақта орналасқан. «А» және «Д» атты ең ауқымды жасанды аралдардың көлемі бірнеше шаршы километрге дейін жетеді.



7 тамыз, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.