Атырау, 23 желтоқсан 13:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Облыстық аурухана күрделі жөндеуден өтеді, онкология диспансері жаңадан салынады

781 просмотра

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан «АЖ» жолдаған ресми сауалға жауапта белгілі болды. Редакция сауалына  басқарма басшысының орынбасары Альмира САБЫРҒАЛИЕВА жауап берді.

- Атырау облыстық ауруханасын күрделі жөндеу жұмысы басталды ма?

– 2024 жылдың 18 шілде жағдайы бойынша Атырау облыстық ауруханасын күрделі жөндеу жұмысы басталған жоқ.

– Қашан және қандай жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр?

- Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамудың 2024-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 2026-2027 жылдары Атырау облыстық ауруханасының 1967 жылы салынған үш қабатты ғимаратын бұзып, оның орнына жаңа ғимарат салу жоспарланды. 1998 және 2002 жылдары салынған «жаңа» ғимараттарға биыл күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

- Атырау облыстық ауруханасын күрделі жөндеуге қай бюджеттен қаржы бөлінді?

- Атырау облыстық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жергілікті бюджеттен бөлінді.

- Мерзімідері мен қаржы сомасы қандай?

- Атырау облыстық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Қүрделі жөндеу жұмыстарының жалпы құны 3616,8 млн теңге, 2024 жылы жергілікті бюджетен 874,8 млн теңге көлемінде қаржы қаралды. 2025 жылы 2 742,0 млн теңге көлемінде қаржы қаралады деп жоспарланған.

- Күрделі жөндеумен қай мердігер мекеме айналысады?

- Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша тапсырыс беруші мекеме Атырау облыстық ауруханасы. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу (конкурс) нәтижесіне сәйкес, мердігер мекеме «КазЕвроСтрой» ЖШС анықталды. 2024 жылдың 5 маусым айында келісімшарт жасақталды.

- Алдағы жөндеу жұмысы туралы толық айтып өтсеңіз: оған не кіреді және болашақта аурухананың іші-сырты қандай болады?

- Атырау облыстық ауруханасын күрделі жөндеу жұмысына ғимаратының есік, терезелерін ауыстыру, абаттандыру, электр желілерін ауыстыру, су құбырларын ауыстыру және ғимараттың қасбетін жаңғырту, т.б. жобалық сметада қаралған жұмыстар кіреді.

Атырау облыстық ауруханасының 2002 жылғы салынған 4 қатарлы және 1997 жылғы салынған 3 қатарлы ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

- Облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы қазір қай сатыда? Жұмыс мерзімін айтсаңыз, ескі ғимараттарды бұзу жоспарда бар ма?

- Атырау қаласынан 180 төсектік онкологиялық диспансер құрылысын салу  жобасы демеуші компанияның қаржысына 2022 жылдан бастап жасақталуда. Жобалаушы мердігер «KAZPIR» ЖШС. Жобалау жұмыстарының аяқталу мерзімі 2024 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылың аяғында басталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары 2 жылға жоспарланған. Бұрынғы онкология диспансерінің ғимараты бұзылып, орнына жаңасы салынады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, 2024 жылы маусым айында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің жанындағы радиологиялық корпустың құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. 

Айнұр САПАРОВА

1 тамыз, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.