SERKE.ORG. "Қазақстандағы Ресейдің әскери полигондарын жабу керек" - Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы аймағындағы әскери полигондары жергілікті тұрғындарға орасан зиян келтіруде. Полигондарда сынақтан өткізіліп, жарылып жатқан зымырандардың қатерлі уы қарапайым халыққа әсер етуде.
AZATTYQ.ORG. "Өзбек президенті еңбек мигранттарын айыптады" - Ислам Каримовтың сыртта жүрген еңбек мигранттарын «жалқау» деп күстаналап, «Өзбекстанда қайыршылар қалмады» деген мәлімдемесін естіген халық не жыларын, не күлерін білмеді.
"Кэмерон Астанада адам құқығы туралы айта ма?" - Дэвид Кэмерон Қазақстанға ресми сапар шегетін алғашқы Ұлыбритания премьері болғалы тұр. Азаттық Лондон университетінің Орталық Азияны зерттеуші ғалымы Бавна Давемен сұхбаттасты.
"Түрме басшылығына жақпайтын тұтқын күресіп жатыр" - Тұтқынды өлтіру ісі бойынша басты куәгер Қуаныш Қаниевтің жақында бостандыққа шығамын деген үміті өшіп барады. Оған қарсылық акциясын ұйымдастырғаны үшін айып салынды.
ABAI.KZ. "Салықтан қашып, офшорды паналағандар тізімі" - International Consortium of Investigative Journalists (Халықаралық Зерттеуші журналистер Консорциумы) сайтындағы жарияланған тізім тек әшкере болған 2,5 миллион құжаттың нәтижесінде ғана жария болғандар. Бұл құжаттармен қазір 58 елдің 112 журналисі зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Яғни, бұл тізім тек айсбергтің беті ғана…
BNEWS.KZ. "Ешбір акционер Қашағандағы үлесін Қазақстанның келісімінсіз сата алмайды – Н.Назарбаев" - Бұл туралы Астана маңындағы жасыл белдеуді дамыту мәселелері жөніндегі дәстүрлі көшпелі жиын қорытындысы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
"Әділ АХМЕТОВ: Тарихты талдап жазу үшін ғалымдар шет тілдерін жете меңгерулері тиіс" - «Біздің ғалымдарға тағы қандай инструмент, қандай қару-жарақ керек? Ағылшын, парсы, қытай, хинди тілдерін жете меңгеруіміз керек. Әрине, орыс тілін біз меңгердік. Бірақ ол кездегі тарих орыс ғалымдарының көзімен, солардың тұрғысынан жазылды. Ал біздер айтылған елдердің тілімен қаруланып алып, сол елдердегі архивтердің бәрін қарап шығуымыз керек», - деді сенатор.
"Қазақтың тарихын тек қазақтардың арасынан іздеу аздық етеді – сенатор" - «Тарихи сананы қалыптастыру үшін неден бастаймыз? Біз кейде қазақтың тарихын қазақтан басқасы білмейді деп ойлауымыз мүмкін. Бұл дұрыс көзқарас емес. Қазақ қазақ болғалы кімдермен көршілес болды? Қандай мемлекеттермен экономикалық, сауда-саттық, саяси, мәдени, білім саласында қарым-қатынас жасады? Шығысымызда Қытай Империясы, солтүстігімізде Ресей, батысымызда басқа мемлекеттер, оңтүстікте Үндістан, Араб елдері бар. Бүгін, енді, біз Батыс және Шығыс Еуропа елдерімен де қарым-қатынасқа түсіп отырмыз. Егер де біз тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқының кім екенін, қайдан шыққанын қазақтың өзінен іздеу аздық қылады», - деген пікірімен бөлісті Әділ Ахметов.
AIKYN.KZ. "Кінәлі кім: банк пе, әлде клиент пе?" - Ипотека алып, баспаналы болғандарды жалғыз пәтерлерінен қуып шығу уақытша тоқтатылды. Уақытша болған соң, біраз уақыт өткен соң жанталас қайта басталатыны белгілі.
"Жұмыссыз қалуға әкеліп соғатын қателіктер" - HeadHunter компаниясының зерттеулері бойынша, жұмыссыз қалуға әкеліп соғатын ең жиі кездесетін 10 қателік бар көрінеді.
ZHASALASH.KZ. "Кабулын қорғай алмайтын Карзайға сенiм артпа" - Соңғы аптада Ауғанстанды екi оқиға дүрлiктiрдi. Алғашқысы – НАТО контингентi елдегi бақылауды Ауғанстанның қарулы күштерiне тапсырды. Екiншiсi – тәлiптер президент сарайына шабуыл жасады.
ALASHAINASY.KZ. "Жаңа заң полиция мінезін жұмсарта ала ма?" - Тоғыз тараудан тұратын жаңа заң жобасында тұңғыш рет iшкi iстер органдарының мiндеттерi біршама өзгерiске ұшырайды. Айталық, олардың қызметінде азаматтарды қорғау, оның өмiрiн, құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қорғау мәселесi бiрiншi орынға шығарылып отыр. Осындай қадамның арқасында Ішкі істер министрлігі мен өңірлік департаменттер жанынан қоғамдық кеңестердің құрылуына толық жол ашылады.
"Қазақ тарихын кеңестік қасаң түсініктерден қалай арашалаймыз?" - Қазақ тарихын кеңестік түсініктерден арашалау үшін, ең алдымен, екі методологиялық ұстанымға баса назар аударуымыз қажет секілді. Мәселен, тарихты, біріншіден, табиғи-ырғақты тарихи үдеріс қалыптастыруы тиіс. Ал мұның екінші жолы отарлаушы өктем күштің тегеурінімен жасалатыны белгілі. Қазақ тарихы осы екі үрдісті де бастан кешті. Бірақ патшалық Ресей мен Кеңестер Одағының отары болған кезде жазылған тарих әлі де болса, Тәуелсіздік көзқарас тұрғысынан толығымен бағалана қойған жоқ. Оны бағалаудың жолдары қандай?
HALYKSOZI.KZ. "Жұматай ӘЛИЕВ, Мәжіліс депутаты: Жоғары оқу орындарында атеизмді оқытуды қолға алуымыз керек" - Ассамблея атынан депутаттық мандатқа ие болған ақсақалдың «бұл қай сасқаны?» дегендер де бар арасында. Бірақ атеизмге аңсары ауған Ж.Әлиев өз ойын дұрыс көреді. «Кеңес дәуірімен бірге келмеске кеткен атеизмге неге аңсады?» деген оймен депутат мырзамен сөйлескенбіз. Сөйтсек, депутат ағамыз құдайдың барына сенеді екен.