Атырау, 24 желтоқсан 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Бектенов өртке қарсы шараларды күшейтуі қажет өңірлерді айқындады

764 просмотра

Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов өртке қарсы шаралар уақтылы, тиімсіз жүзеге асырылатын бірқатар өңірді белгіледі, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

«Абай, Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында су көздерінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізілген жоқ. Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында отын қорымен қамтамасыз ету мәселелері толық шешілмей отыр. Қостанай облысында өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі тиісті жедел штаб уақтылы құрылмаған. Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында өртке қарсы жер жырту жұмыстары баяу жүріп жатыр. Онсыз дала немесе орман өрттерін ауыздықтау қиын болады. Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарын қураған өсімдіктер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі аяқталған жоқ», — деп атап өтті Үкімет басшысы.
 
Олжас Бектенов өңір әкімдеріне осы мәселеге ерекше назар аударуды және өрттің алдын алуға бағытталған жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

30 шілде, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.