Атырау, 24 желтоқсан 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Парижден сәлем

1 052 просмотра

Париждегі Триумф аркасынан 3 200 метр жердегі Тильзит көшесіне атыраулық нөмірдегі көліктің қалай жеткені – «Ақ Жайық» редакциясы тілшісінің мақаласында.

Осындай қашықтыққа жеткен жол талғамайтын көліктің иесі – Атырау қаласының тұрғыны, жергілікті «Atyrau Nomads» саяхатшылар клубының серіктесі Ерік ШЫНЫБЕКОВ. Отбасы Франциядағы Олимпиадада біздің спортшыларға қолдау көрсету үшін көлікпен сапарлап шыққан.

Былтыр Ерік отбасымен бірге Түркияға 17 күнге сапарлаған екен. Ұзындығы сегіз мың шақырымға жуық жолдың ұмытылмас әсерге толы болғаны сонша, биыл да ел аралауды ұйғарыпты. Қыста саяхатшылар отбасы қазақстандықтар қатысатын Олимпиаданың сол жерде өтетінін ескеріп, Францияға бару туралы шешімді отбасылық кеңесте қуана құптаған. Наурыз айында Шыныбековтер отбасы қажетті құжаттарды жинақтап, сәуір айында Атыраудағы Италияның визалық орталығына Шенгенге өтініш берген.

«Виза орталығында бізге өте мұқият қарады. Біз үшін де, орталық үшін де Шенгенге көлікпен саяхатты рәсімдеу алғашқы тәжірибе болды, - дейді отағасы. - Бізде ешқандай бронь болмағандықтан, саяхаттың егжей-тегжейлі жоспарын жасап, көп жұмыстануға тура келді. Екі аптадан кейін рұқсат алып, көлігімізді ұзақ сапарға дайындай бастадық. Өйткені жолда 15 елден өтетін едік».

Айтпақшы, Ерік мен жұбайы Гүлдананың үш баласы бар: 5 жасар Ерхан, 9 жасар Ясмин және 16 жастағы Ясин. Тұңғыштары суретке өзі түсіріп, қызықты сәттерін желіге салатындықтан, көбіне суретте болмай қалады.  

Еуропаға жету үшін отбасы күн сайын 600 шақырым жол жүрген. Айтпақшы, Шыныбековтер сапар барысында халықаралық спорт жарысын танымал етуді ұйғарыпты. Сондықтан да олар көліктеріне алдағы оқиға – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының түрлі-түсті жапсырмаларын жапсырып алған.

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (ДКО) – этникалық спорт түрлерінен өтетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыс тарихи көшпелі халықтардың ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген.

  ... Шыныбековтер отбасы діттеген жерлеріне жетпестен Франциядағы Қазақстан елшілігі олар туралы хабардар болған. Олар саяхатшыларды сапарлары туралы әдемі сюжетпен қарсы алғылары келетіндерін жеткізген. Париждегі Қазақстан елшілігінде Триумф аркасына жақын жерде «06» нөмірі бар көліктің фотосуреті осылайша пайда болды. Кейін желіде таралып, қазақстандықтардың, әсіресе, атыраулықтардың арасында көп сауал туындады. 13 күндік сапардан шаршаса да, атыраулықтар Олимпиаданың керемет көрінісін тамашалаған. Біз «өз бағытымен» осындай ұзақ қашықтыққа көлікпен тұңғыш саяхаттаған жерлестерімізді мақтан тұтамыз. 

Айтпақшы, «Atyrau Nomads» клубының құрылғанына төрт жыл болған. Клубта ұзақ сапарға шығуды ұнататын мыңнан астам қала тұрғыны бар. Ол жерде атыраулықтар адамдар сирек немесе керісінше жиі табан тірейтін жерлерге жолмен және жаяу баратын бағыттармен бөлісіп отырады. Клуб мүшелері кең-байтақ Қазақстанның барлық аймағын аралап, навигаторсыз және қосалқы доңғалақтарсыз жете алмайтын көптеген әдемі жерлерді тапқан екен. Көшпенділер көлікпен басқа елдерге – топпен де, жалғызілік те, отбасыларымен де саяхаттаған. Саяхатшылардың WhatsApp чатына қосылғысы келетіндер көп, бірақ қолданба шектеулеріне байланысты бәрін қабылдай алмайды. Чатта саяхатшылар қай жерде демалуға және дәмді тағамдарды қайдан жеуге болатыны туралы ақпаратпен бөліседі, қандай жерлер баруға тұрарлық, ақылы жолдар, сақтандыру, жанармай құю бекеттері және көлікпен ұзақ сапарда ескерілу қажет басқа да маңызды жайттар туралы әңгімелейді.

- Ал, балалар Францияға саяхатты қалай өткерді? - Бұл отбасылық саяхатшылардың көпшілігінің көкейінде тұрған сауал.

- Баланың аты бала ғой. Әрине, қыңырлыққа салынады, шаршайды. Бірақ жол бойында басқа жандар өмірінде көрмеген көп нәрсені көрді. Грузиядағы сарқыраманың жанында шатырда түнедік, Италияның жұлдызды аспаны астында алау жақтық. Түрлі тілдерді естідік, түрлі нәсілдерді көрдік. Әрбір күн олар үшін жаңалық болды. Сондықтан бүкіл әлемді, оның бүкіл сұлулығы мен сүйіспеншілігін көзбен көріп, тамашалаудың өзі бір ғанибет емес пе?!

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді Е.Шыныбеков жолдады

28 шілде, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.