Атырау, 26 қараша 01:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Шамшырақ» шамын қайта жағады

2 829 просмотра

«Шамшырақ» ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, Балықшыда тағы бір мектепке дейінгі мекеме пайда болмақ.

Біз «Атыраубалықтың» бұрынғы ведомстволық балабақшасының тағдыры туралы әлденеше рет жазған едік. «Шамшырақ» ғимараты 1971 жылы салынған. Балық өнеркәсібінің алыбы гүлденген шақта балабақшаға 12 топқа 280 бала барған екен. Бірақ содан кейін азая бастаған. Жөндеуге кәсіпорынның қаржысы болмағандықтан, кәрізге және тозығы жеткен тұрбаларға қатысты проблемалар туындап, ғимараттың бір бөлігін пайдаланудан бас тартқан. Тиісінше, топ саны да қысқарған. Соңғы жылдары балабақшаға 140 бүлдіршін барыпты. Қалған топ жайғасқан бөлікте жылу мен кәрізге қатысты үнемі қиындықтар туындаған. Қыста ғимарат іші қатты суық болғандықтан, балабақша әлденеше рет балаларды қабылдаудан бас тартқан. Ал 2011 жылдың күзінде мүлдем жабылып қалды.

Ғимараттың осындай күйге түскенін көру жанға батады. Қазір бұл жер бомждардың жиналатын орнына айналған. Ішіндегінің бәрін тасып құртыпты, терезелері сынған, батареялары қираған, - деп уайымдайды жергілікті тұрғын Құрманбике апа.

«2011 жылы балабақшаны ұстауға қаржы болмағандықтан, «Атыраубалық» жергілікті билікке ғимаратты іргелес жер учаскесімен бірге қаланың коммуналдық меншігіне өтеусіз беру туралы ұсыныспен шықты. Қазіргі уақытта ғимарат пен іргелес аумақты қайта жарақтау мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, - деп хабарлады редакцияның сауалына жауап берген қала әкімінің орынбасары Айжан ҚАРАБАЛИНА. Қалалық қаржы бөлімінің бастығы Мұрат АЙТЖАНОВ ауызекі сөйлескен кезде, ғимараттың күрделі жөндеуден өтетіндігін, сондықтан тұрғындардың батареяны жұлып, терезені сындырып тастады деп уайымдамауларына болатынын атап өтті. Құрылыс материалдары мен жиынтықтары баяғыда ескіргендіктен, олардың сараптамадан өтпейтіндігі шүбәсіз екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.