Атырау, 23 желтоқсан 19:39
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бұрғышылардың ажалы «самопалдан»болды ма?

2 559 просмотра

5-сәуірге қараған  түні Құлсары қаласының орталық ауруханасына «белгісіз заттан уланған» деген диагнозбен  «Асан» кен орынында барлау-бұрғылау жұмыстарымен айналысатын «Сан-Дриллинг» компаниясының  екі  қызметкері жеткізілді. Бірнеше сағаттардан кейін ауруханаға түскен бірі-24, енді бірі -26 жастағы екі бұрғылаушы қайтыс болды.

Келесі күні де осы ауруханағаулану белгілері бар тағы да «Сан-Дриллинг» компаниясының төрт қызметкері жеткізілді. Олардың барлығы да жансақтау бөліміне орналастырылды. Улану себептері қайтыс болған адамдардың мүрделерін сойғаннан кейін анықталатындығын кеше болған брифингте облыстық ТЖД Төтенше жағдайларға әрекет ету басқармасының бастығы Сәлімжан САЛЫҚБАЕВ мәлім етті. Компанияда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба басшысының сөзіне қарағанда, 3-сәуір күні    қызметкерлер спирттік ішімдіктер ішкен, келесі күні өздерін жайсыз сезінгендіктен медициналық қосынға барған. Медициналық қосын дәрігері оларды ауруханаға орналастыруға шешім қабылдаған. Зардап шегушілердің барлығы да Ақтөбе облысының тұрғындары.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 сәуір 2011, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.