Атырау, 23 қараша 14:40
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ерекше» балалардың ата-аналары оңалту, емдеу және білім алу қолжетімділігіне алаңдайды

1 042 просмотра

Әлеуметтік желіде тараған видеода ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды психикалық диспанерге тіркеу олардың оңалту, емдеу, білім алу және болашақта жұмыс істеу мүмкіндіктерін шектейді деп алаңдайды.

«АЖ» тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түсініктеме сұрап, мынадай жауап алды.

24 шілдеде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында «Ерекше ана – Ерекше 16+» ҚБ басшысы Гүлжан Хусаинованың, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Альмира Сабырғалиеваның, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары Эмилия Гречаниктің, Атырау облысы бойынша білім беру басқармасының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер бөлімдері (бұдан әрі – ПМПК), Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бөлімдері басшыларының, «СК Фармация» өкілі, жүйке-психикалық бұзылыстары бар балаларды емдеу және оңалтудың өзекті мәселелері бойынша балалар психиатрлары-дәрігерлердің қатысуымен ерекше балалардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды.

Ерекше балалардың ата-аналарының қатысуымен ұйымдастырылған кездесуде мынадай мәселе көтерілді: Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі бастапқыда белгіленген «ДЦП», «Даун синдромы» неврологиялық диагнозымен балалар психиатрының кеңесіне, ПМПК-не жолдама бергеннен кейін, дәрігер, балалар психиатры «Ақыл-ой кемістігі» деген диагноз қойып, соның салдарынан, олардың айтуынша, олар әрі қарай білім алу, оңалту, санаториялық-курорттық емдеу және т.б. мүмкіндігінен айырылған.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің ережелері, «Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығы, «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығы, сондай-ақ «Ақыл-есі кем» клиникалық хаттамасынан диагнозды белгілеудің диагностикалық критерийлері түсіндірілді.

Осылайша, 283 бұйрығына сәйкес мүгедектігі бар тұлғаларды санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер - нашақорлық пен созылмалы алкоголизмнің, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының) барлық түрлері (бұдан әрі – ПМБ), 2Б тобындағы динамикалық психиатриялық бақылаудағы балаларда ПМБ қоспағанда, ұзақ мерзімді дәрі-дәрмектік емес ремиссия жағдайында, психикалық белгілердің асқынуынсыз, әлеуметтік-қауіпті әрекеттерге бейім емес, ілеспелі аурулар бойынша ВКК немесе психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр дәрігерінің қорытындысы болған жағдайда.

Осылайша, жоғарыда аталған көрсетілімдер болмаған жағдайда ілеспе аурулар бойынша санаториялық-курорттық емдеуге жолдама беруге болады.

Ерекше балалардың ата-аналарына динамикалық бақылауға баланың заңды өкілінің жазбаша келісімімен алынатыны түсіндірілді. Ол созылмалы ПМБ ағымының асқынуын және нашарлауын болдырмау үшін жүргізіледі, оның ішінде: емдік-диагностикалық іс-шаралар, денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлей отырып, оңалту әлеуетін анықтау.

Сонымен қатар, ПМБ бар балаларды ілеспе ауруларды санаториялық-курорттық емдеуге жіберудің көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері түсіндірілді, ПМБ бар балаларды Атырау облысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мекемелеріндегі күндізгі емдеу орталықтарына оңалтуға жіберу, инватакси қызметтері, ПМПК бөлімінің оқыту бағдарламасы бойынша шешім қабылдауына қатысты келісімге қол жеткізілді.

Ата-аналармен кездесу нәтижесінде неврологиялық және басқа да соматикалық аурулары бар балаларға психиатриялық диагнозды белгілеу кезінде жеке комиссиялық көзқарас тұрғысынан келісімдерге қол жеткізілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

25 шілде, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.