Атырау, 21 қараша 18:45
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

БҚО-да иесіз газ құбыры мемлекет меншігіне қабылданды

685 просмотра

БҚО Қаратөбе ауданы прокуратурасымен жүргізген талдау нәтижесінде ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ететін 132 км газ тасымалдау желілерінің иесіз екені анықталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Пайдалану ережелері мен сақтық шараларын мұқият сақтауды талап ететін иесіз мүлікке уақтылы қызмет көрсету шараларын қолданбау газдың үздіксіз жеткізілуіне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірді.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар прокурорлардың шаралары бойынша газ құбырын сот арқылы мемлекет меншігіне алған.

Газ құбырын мемлекет меншігіне алу алдағы уақытта газбен қауіпсіз қамтамасыз ету және газ құбырлары мен басқа да газ тарату желілерінің зақымдануын болдырмау бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

24 шілде, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.