Атырау, 23 желтоқсан 20:05
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Үстеме ақы тек жоба жүзінде

3 162 просмотра

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов үстіміздегі жылдың қыркүйегінде педагогтар санат бойынша қосымша үстеме ақы алатын болады деп уәде берді. Алайда осынау жағымды жаңалықты растайтын ресми құжаттар әлі келген жоқ.  

Министрдің айтуынша, мұғалімдердің еңбекақыларын көтеру білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдардағы жаңа бағдарламасында қарастырылған. 1-ші қыркүйектен бастап, жоғарғы санаттағы мұғалімдер біліктілігі үшін негізгі жалақыларына 100 пайыздық қосымша ақы алатын болады. Басқа санаттағы мұғалімдер одан аздау үстеме ақы алмақ. Биылғы жылы үстеме ақыны төлеуге республикалық бюджеттен 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Білім және ғылым министрлігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірігіп, осындай жобаны дайындап жатқанын білеміз, алайда оны парламенттің қашан қарайтынын, қай уақыттан бастап төлей бастайтынын қазір айту қиын», - дейді Атырау облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағының басшысы Амангелді АЙБОСЫНОВ.

Облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Зылиха ҚАДЫРБАЕВАНЫҢайтуынша, педагогтардың еңбекақыларын көтеруді растайтын ресми бұйрық келмеген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 сәуір 2011, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.