Атырау, 25 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Вице-министр Есімханов Атырау облысының энергетикалық кәсіпорындарында болды

1 203 просмотра

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылау аясында Атырау қаласының жылу электр орталығы пен жылу желілеріне барды, деп хабарлайды ҚР энергетика министрлігі.

Бекітілген кестеге сәйкес ЖЭО-да №6 турбинада жанғырту жұмыстары жүргізілуде. № 3, 4 қазандықтарды және № 10 турбинаны жөндеу  аяқталды. № 1,13 қазандық пен № 12 турбинаны жөндеу мерзімі жақындаған жоқ.

2024 жылға «Атырау жылу желілері» АҚ-ның 17,619 км жылу желілерін күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні - 7,264 км жылу желілері орындалды, бұл жылдық жоспардың 41,2% - құрайды.

Жұмыстар бекітілген кесте бойынша жүргізілуде, материалдарды жеткізу 100% жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тұрақты негізде энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына мониторинг жүргізеді.

17 шілде, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.