Атырау, 26 қараша 01:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Түлектерге берілген мүмкіндік

2 638 просмотра

Атырау жоғары оқу орындары мен кәсіби оқыту мекемелерінің 300 түлегі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының «Жастар тәжірибесі» жолдамасымен іс-тәжірибелерден өту мүмкіндіктеріне ие болды.

- Біз жас мамандардың іс-тәжірибеден өтуі үшін 90 компаниямен шарт жасастық, - дейді Атырау қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр ҚҰСПАНОВА.

«Жастар практикасы» аясында еш жұмыс тәжірибесі жоқ оқу орындарының түлектері жұмыспен қамту орталығы арқылы жарты жылға жұмысқа тұрады. Бұл уақытта жас мамандар өз мамандықтары бойынша жұмыс жасауға және өзін болашағы бар білікті маман ретінде көрсетуге мүмкіндік алады. Практиканттардың жалақысы 29 мыңнан сәл асады және бұл қаражат республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

- «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша кадрларға өтінім бергендердің шамамен 70%-ы мемлекеттік мекемелер, - деп атап өтті Г. Құспанова.

Оның айтуынша, жас заңгерлерді, ісқағаздарын жүргізушілерді іс-тәжірибеден өткізу техникалық колледждер түлектерін орналастырудан көп жеңіл.

Тамара СУХОМЛИНОВА

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.