Атырау, 23 желтоқсан 20:22
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Мұғалімдер сыйақысының сайлауға қатысы жоқ»

3 925 просмотра

Дүйсенбі күні редакция телефонына бірнеше мұғалім қоңырау шалды. Оларды бір ғана сұрақ қызықтырыпты: сайлау қорытындысының президент үшін сәтті өту құрметіне орай сәуір айында барлық қала мұғалімдері 30 мың теңге мөлшерінде сыйақы ала ма?

Осы рас па, жоқ па деп анықтап үлгермей жатып, тағы бір оқырманымыз қоңырау шалды. Ол да бюджет қызметкері екен. Ол да сол сұрақты қойды. Бірақ аздап қобалжулы болды: «Мәселе мынада - мен президентке дауыс берген жоқпын. Ақымақпын... Енді сыйақы ала алмайтын шығармын, солай ма?» - деді.

Облыстық білім беру басқармасындағылар сыйақы туралы ештеңе білмеді. Қалалық басқармадағылар ақпараттан хабардар екен, бірақ бұған қатысты қандайма болмасын құжаттың болмауынан түсініктеме беруден тартынды. Жауапты тек қалалық әкімдіктен ғана ала алдық. «Сыйақы тіптен президент сайлауына орайластырылмаған, - деді таңданған қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. – 35 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі соманы «тоқсан қорытындысы» бойынша қаладағы мектеп директорларына, оқу ісінің меңгерушілеріне, мұғалімдерге төлейтін болады. Облыс әкімі сөйлеген сөздерінің бірінде мұғалімдерді ауыр еңбегі үшін ынталандыруға тапсырма берген еді. Сол тапсырманы орындап жатырмыз».

Айтпақшы, енді мұғалімдерге арналған мұндай тоқсан сайынғы сыйақылар тұрақты болып тұрмақ. Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

7 сәуір 2011, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.