Атырау, 21 қараша 19:35
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Құлсары тұрғыны сақтандырушыдан 1,3 млн теңге алды

1 288 просмотра
Көрнекі сурет

Jusan Garant Сақтандыру компаниясы Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккен клиенттердің мүлкіне келтірілген залалды өтеуді жалғастыруда.

Сақтандырушы Атырау облысының Құлсары қаласынан келген клиентке 1,3 млн. теңге төледі, оның үйі аймақтағы көктемгі су тасқынынан қатты зардап шекті. Құлсарыда 3000-ға жуық үй су астында қалды. 

Сақтанушының тұрғын үйі ішінара зардап шекті. Тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша үйде еденді, тұсқағазды және ішкі есіктерді ғана ауыстыру қажет.      

Оралдағы сақтандырылған екі коттедж үйінің иесі 8,4 млн. теңге алды. Тұрғын үй бір-бірінің маңында «Мичуринское» бау-бақша серіктестігінде орналасқан. Оның жанынан өзен өтеді, ол сәуір айында қардың белсенді еруі кезінде тасып, айналадағы үйлерге жақындады. Адамдар құм салынған қапшықтардан баррикадалар салу арқылы өз мүлкін дүлей апаттан қорғауға тырысты, бірақ бәр бекер болып, үлкен су тұрғын үйді басты.

Табиғи апаттан кейін екі үй де аман қалғанымен, жөндеуді қажет ететін еді. Олардың еден жабыны – ламинат пен плитка, тұсқағаз, сәндік сылақ, кіреберіс, ішкі есіктер мен қабырға қалқалары зардап шекті. Тәуелсіз бағалаудан кейін Jusan Garant сақтанушыға үйлерді жөндеу-қалпына келтіру шығындарын өтеді.

Ақтөбе облысы Қобда ауылындағы Jusan Garant клиенттерінің үйі де су тасқыны кезінде оған төтеп бере алды. Үйлері негізінен саманнан тұрғызылған, тасқын кезінде сумен шайылып кеткен көршілерімен салыстырғанда сақтанушылармыздың шығыны азырақ. Еріген сулармен ылғалдану нәтижесінде іргетастың отыруына байланысты сақтандырылған үйдің сыртқы және ішкі қабырғалары жарылып, терезелері деформацияланған. Алайда сарапшылар тұрғын үйдің тұтастығы мен құрылымдық қуаттылығы бұзылмағанын және оны күрделі жөндеуге болатындығын анықтады. Үйді қалпына келтіру үшін сақтандыру компаниясы 2,2 млн. теңге төледі.

10 шілде, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.