Атырау, 23 желтоқсан 13:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қарақұрт қаптаса, не істеу керек?

1 027 просмотра

«Өкінішке орай, тағы бір болжам орындалып отыр – бұл жәндіктердің шабуылы, әрине, оның ішінде өрмекші тұқымдастар да бар», - дейді ауыл шаруашылығы маманы Кирилл Павлов.

Ең алдымен, қарақұрттың табиғи жауы - жабайы ара, кесіртке, торғай, жұлдызқұрт және басқа да ұсақ құстар масалармен бірге химиялық заттармен уланып қалғанына назар аудару қажет. Бірақ, қанша улағанмен маса кетпей тұр.

Қарақұрттар елді мекендерге су тасқыны салдарынан келді, өйткені олардың табиғи мекендейтін жерлері су астында қалды. Ал қалада оның табиғи жауы жоқ. Бұл ең басты мәселе.

Одан кейін жануарлардың ортасында жүретін халықты, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін жаппай ақпараттандыру керек, алдын алу шараларын түсіндіріп, қарақұрттың құрған торын басқалардан қалай анықтап және ажырату керек екенін таныстырған жөн. Немесе қазір түйені тасты, шөбі биік жерлерге жібермеу керек екенін ескерткен дұрыс. Жалпы жайылымдарды тексеру қажет. Бірақ, шөл далада қандай жайылым бар дейсіз.

Мүмкін болса, физикалық қорғанысты қолданыңыз - терезеге көзі тығыз торлар, торлы тосқауылдар, инсектицидтер де пайдалы, бірақ абай болу керек - қайтадан олардың табиғи жауларын жойып жіберуіңіз мүмкін.

Сонымен қатар, әрине, жүздеген миллиардтар жұмсалған ветеринария саласы жануарларға шұғыл көмек көрсетуге дайын болуы керек. Мен тіпті медицина мен адамдар туралы айтпай-ақ қояйын. Әлбете, «дәрігерлер адамды құтқарады, ал ветеринарлар адамзатты құтқарады» дейтін бе еді?

Сурет Кирилл Павловтың жеке парақшасынан 

9 шілде, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.