Атырау, 23 желтоқсан 13:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ас ішер алдында қолды жуу керек

1 139 просмотра

Биыл облыста жіті ішек ауруымен ауырған 203 адам тіркелді.

Атырау облысында өткен жылы дәл осы жағдаймен 193 адам тіркелсе, биыл ол 10 адамға артып отыр. Бұл туралы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл АЙМҰРАТОВА баспасөз брифингінде мәлім етті.

А.Аймұратова жіті ішек инфекцияларының алдын алу шараларына тоқтала отырып, күнделікті өмірде  қарапайым қағидаларды есте сақтау керектігін атап өтті.

- Біріншіден, қолды сабын сумен ұдайы және мұқият жууды, мүмкіндігінше өзіңмен бірге антисептикалық сулықтар, лосьондар алып жүруді еске салғым келеді. Екіншіден, көкөністерді, жеміс-жидектерді қолданар алдында сумен жақсылап жуып, кішкентай балалар үшін қайнаған сумен шаю керек. Оған қоса ет өнімдерін дайындағанда мұқияттылық таныту да маңызды. Шикі және жеуге дайын тағамды тоңазытқышта бөлек және жеке қаптамада сақтаңыздар, - деді А.Аймұратова.

Ал №5 қалалық емхананың педиатр маманы Айкен ЖӘНІБЕКОВАНЫҢ айтуынша, жіті ішек ауруы аса қатты жұқпалы екенін есте сақтай отырып, үй жағдайында емдемей, арнайы мамандардың көмегіне жүгіну қажет.

- Ішек инфекцияларының көпшілігі жеңіл түрде өтетіндіктен, кейбір науқастар дәрігерге бармайды. Көбінесе өзін-өзі емдеумен айналысады және оқу орындарына, жұмысқа бара береді. Сол себепті әрбір науқас адам өзінің айналасындағыларға қауіп төндіретінін ұмытпауы керек. Әсіресе ішек ауруларының алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайтынын есте сақтаған жөн. Арнайы мамандардың көмегіне жүгіну арқылы керекті шараларды жасаған абзал, - деп түйіндеді А.Жәнібекова.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 шілде, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.