Атырау, 11 желтоқсан 17:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

"«Жиһад» ұғымы «қасиетті соғысты» емес, «өз надандығыңмен күрес» дегенді білдіреді". "Арақ ішу жөнінен Қазақстан бесінші орынға шықты". "Беларусь кәсіпкерлері Кеден Одағына қарсылық білдірді".

1 910 просмотра

ABAI.KZ. "Уахабистер билікте де көбейе бастады" - Мәселе бүгінгі қоғамдағы дін құбылысының саясаттың құралына айналып кетуінде болып отыр. Бұл мәселе билік пен дін арасындағы зайырлылық ұстанымына деген құрметсіз көзқарастың жемісі.  Мемлекеттік мекеме атынан осындай ешқандай ғылыми, діни және тарихи танымға сай келмейтін тұжырымдарды кім көрінген тықпалап айта беретін болса, онда қоғам қайда барады?

"«Жеті жарғы» Қазақ хандығының ыдырауына ықпал етті" - Сопылық ілімнің тарих сахнасына шығуы ислам дінін қабылдаған көптеген халықтардың дәстүрлі мәдениеті мен салт-дәстүрін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Олар өз кезегінде ислам дінінің сол халықтарда өмір сүру формасының әртүрлі болуын қамтамасыз етті. Бірақ көптеген зерттеушілер ислам дінінің өмір сүру формасының әр түрлі болуын сопылық ілімнің іштей әртүрлі тариқаттарға бөлінуімен байланысты екендігін ескере бермейді.

AZATTYQ.ORG. "Беларусь кәсіпкерлері Кеден Одағына қарсылық білдірді" - Беларусьтің орта және шағын деңгейдегі кәсіпкерлері алдағы бейсенбі, 27 маусымда Минскіде үкіметтен елдің Кеден Одағы құрамынан шығуын талап етіп, "ескерту шеруіне" шығатындарын мәлімдеді.

"Арақ ішу жөнінен Қазақстан бесінші орынға шықты" - Мұндай қорытындыны әлемдік нарықты зерттеген ұлыбританиялық IWSR ұйымы жариялады. Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 200 мыңнан астам адам маскүнемдікке шалдыққан.

ZHASALASH.KZ. "Эх, Марченко, Марченко!" - Бiздiң шенеу­нiктердiң тапқырлығында шек жоқ. Алайда олардың бұл қабiлетi мемлекетiк қызметтегi тiкелей мiндетiн орындауда емес, басқа жерде жарқ етiп көрiнетiнiн қайтерсiң. Әсiресе, жауапкершi­лiктен қашып құтылып, шенiне шаң жұқтырмас үшiн әлгiлер табан астында тапқырлығымен таң­ғалдырып, пысықтығын паш еткiзедi.

"Мәсхатшыны ауыстыру бандиттер шешетiн мәселе ме?" - «Құрметтi облыс әкiмi, құқық қорғау органдарының өкiл­дерi. Менiң отбасымды көздерiңдi құртып жi­беремiз деп қорқытып жатыр. Сiз­дерден көмек сұраймын. Бұл жағдай менiң депутаттық қыз­метiме байланысты туындап отыр. Егер көмек болмаса, онда депутаттық өкiлет­тi­гiм­нен бас тар­тып, саяси, қоғамдық жұмыстармен айналыспайтын боламын”.

Өткен аптаның жұмасында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаев баспасөз мәслихатын өткiзiп, жұрттың үрейiн туғызатын осындай мәлiмдеме жасады.

"«Қорғастың» қойыртпағы" - Қаржы полициясының есебiне сенсек, қылмыстық топ мемлекетке жүз­деген миллион доллар шығын келтiрген. Айыпталушылардың бәрi дерлiк ұсталғанға дейiн бай-бақуатты ғұмыр кешiптi. Тiптi бiрiнiң 45 пәтерi, 12 үйi мен 40 гектарлық 7 жер телiмi, қымбат көлiктерi болған. Оның дүние-мүлкiнiң құны 15 миллион долларға бағаланған.

ALASHAINASY.KZ. "Шетелге бала жіберуге де ақыл керек" - Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып, «инемен құдық қазыпты». Ал мұның сыртында әртүрлі шет­ел­дік гранттармен өзге елге қанат қаққан жас­тарымыз қанша? Санын дөп басып айту қиын. Олар­дың қаншасы елге оралып, жемісті еңбек етіп жүр? Тағы да күңгірт... Сол жастарымыз өзге елден нен­дей тың жаңалық, нендей тың серпіліс әкеліп жатыр? Нақты дерегіміз болмағандықтан, «оны уа­қыт көрсетеді» деп бар жауапкершіліктен сыты­лып шыға келеміз. Қазір шет мемлекеттерде оқу­дың пайдасы жайлы жиі айтылады. Бірақ арагідік бол­маса, шетелге бала асырғаннан келер зиянды сөз етпеуге тырысамыз. Мәселен, біріншіден, жат жерде жат идеология бар. Ол идеологияның өзін үш түрге бөліп қарастыруға болады.

"Химиямен «семірген» құс етінің хикаясы" - Өткенде ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков те ТМД елдерінен әкелінетін құс етіне шприцпен су жіберіле­тінін жеткізген еді. Сол арқылы өнімнің сал­мағын арттырып, мұздатылған ет сал­қындатылған есепті сатыла береді. Ал бұл бекітілген регламентке сәйкес келмейді. Министрдің айтуынша, техникалық регла­ментті бұзатын контрафакт тауарды бақы­лап жатқан ешкім жоқ. Сумен «семіртілген» құс еті отандық өнімге қарағанда 10-20 пайызға арзан болғандықтан, өтімдірек.

AIKYN.KZ. "Өндірісте өлім азаймай тұр" - Алпауыт кәсіпорындардың қожайындары жыл сайын жоғарғы органдарға жұмысшылардың қауіпсіздігін барынша қатаңдатқаны жөнінде бет-бет ақпар бергенімен, шын мәніндегі ахуалдың оңалмағандығын анықталған деректер айғақтап тұр. Мәселен, өткен жылдың өзінде өндірісте 2052 оқиға орын алып, 2241 адам зардап шеккен. Ең өкініштісі, соның салдарынан 278 жұмысшы тағы да ажал құшыпты.

EGEMEN.KZ. "«Жиһад» ұғымы «қасиетті соғысты» емес, «өз надандығыңмен күрес» дегенді білдіреді" - Жиһадшылыққа жаңадан елігіп жүргендердің теориясына сәйкес, бүкіл әлем «ислам аумағы» (дәр әл-ислам) және «соғыс аумағы» (дәр әл-харб) болып бөлінген. Бірін­ші­сіне мұсылмандар билігіндегі ел­дер, екіншісіне «дінсіз» билеу­ші­лер басқаратын елдер енеді. Тер­рор­шылардың сенімі бойынша «дәр әл-ислам» «дәр әл-харбпен» мәңгілік соғыс жағдайында болуы тиіс.

25 маусым 2013, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.